8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Тамыз 2020 1365 0
Қоғам

БҚО-ДА 223 МЕКТЕП – ДӘСТҮРЛІ, 157 МЕКТЕП – ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН БАСТАЙДЫ

2020-2021 оқу жылына санаулы күн қалды. Қазіргі уақытта жалпы республикалық педагогикалық кеңестің аясында өңірдегі мектептерде педагогикалық кеңестер өткізілуде. Бүгін Оралдағы дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінде өткен  педагогикалық кеңес барысында оқу жылының басталуындағы ерекшеліктер, өзгерістер және оқу процесін ұйымдастыруға қатысты өзге де сауалдар бойынша түсіндірілді.  БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың айтуынша, биылғы оқу жылында облыс бойынша 380 мектепте 110 мыңнан астам оқушы білім алады деп күтілуде. Оның ішінде 1 сыныпқа 12 мыңдай шәкірт қабылданбақ.

Жаңа оқу жылы қашықтық және штаттық режимде басталады. Қазіргі уақытта аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес эпидемиологиялық жағдайы тұрақты, оқушы контингенті аз 223 мектеп дәстүрлі форматта оқытады. Бұл мектептер бойынша жалпы 16 мың оқушы  оқиды. Ауылдық елдімекендердегі оқушы контингенті көп мектептер және қала мектептері қашықтан оқыту форматында жаңа оқу жылын бастайды. Нақты айтқанда, 157 мектеп қашықтан оқытады. Алайда, осы мектептерде  ата-аналардың өтініштері бойынша бастауыш сыныптар үшін «кезекші сыныптар» ұйымдастырылуда. Болжам бойынша 2400-ден аса кезекші сынып ашылып, 30 мыңдай оқушы қамтылады. Әр кезекші сыныпта 15 оқушыға дейін ғана бала болады. Сыныптағы балалардың арасындағы әлеуметтік қашықтық сақталады. Әр сыныптың үзіліске  шығу уақыты да әр түрлі болады.

– Штаттық режимде және кезекші сынып жүйесінде жұмыс жасайтын мектептерде қатаң санитарлық талаптар сақталады. Білім беру ұйымдары үшін дезинфекциялық құралдар, оның ішінде санитайзер, тепловизер, антисептиктер, дезинфекциялық кілемшелер сатып алынды. Қашықтан оқитын мектеп оқушылардың интернетпен, компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Өткен оқу жылында, яғни алғашқы жартыжылдықта үнемделген қаржыға 1400-ден аса компьютер алынса, енді аудандық және қалалық білім беру бөлімдері 1900-дей компьютер сатып алады. Оған қоса республикалық бюджет есебінен облыс мектептеріне 15 мыңға жуық компьютер сатып алу үшін ақша бөлінді.  Мектептердің компьютерлері компьютерлік құрылғыларды қажет ететін балаларға қайтарымды негізде уақытша пайдалануға беріледі. Қазір оқушыларға компьютерлерді үлестіру басталды. Бұл процеске мектептердің ата-аналар комитеттерінің, қамқоршылық кеңесердің мүшелері және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңесесінің өкілдері де тартылуда. Компьютерлер бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларына беріледі. Сонымен қатар оқушылар  оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі. 1-10 сынып оқушылары оқулықтарын толық алды.  Биыл 11 сыныптың оқулықтары жаңадан басылып шықты. Бұл жаңа оқулықтарды сатып алуға қаржы толықтай бөлінді. Қазір баспалардан өңірімізге тасымалдау жүргізілуде. 11 сынып оқушыларына да кітаптар 1 қыркүйекке дейін үлестіріледі, – деді Зәуре Базарғалиқызы.

Карантиндік жағдайға байланысты мектептерде ыстық тамақ ұйымдастырылмайды. Десек те, ата-аналардың балаларына  жеңіл тамақ беріп жіберулеріне рұқсат беріледі.

Педагогикалық кеңесте сабақты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар қаралды.  Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды тақырып – карантиндік және шектеу шаралары жағдайында 2-11(12) сыныптардағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Педагогикалық кеңесте білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесіндегі уақытша өзгерістер де түсіндірілді. Сондай-ақ бірыңғай мектеп ұстаздары қолданатын платформаны пайдаланудың ерекшеліктері талқыланып, келісілді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»