ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚЫҒАН ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған әлеуметтік желілерде шақыру тастау – челленджінің үздіктері марапатталды.

Челлендж қаңтар айының 20-сында жарияланған еді. Ұйымдастырушылардың есебінше, әлеуметтік желіде Абай шығармаларын оқуға қала тұрғындары мен қонақтарынан 40 адам қатысып, 8500 қаралым жиналған. Ең жас қатысушы 4-ақ жастағы бүлдіршін болса, үлкені 70-ке таяған қала тұрғыны. #OralAbai175 хэштегімен ақынның шығармаларын оқып, әлеуметтік желіге жүктегендер арасында қазылар алқасының шешімімен Лунара Елтаева есімді қала тұрғыны бас жүлдеге лайық деп танылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 3 курс студенті ақынның «Жазғытұры» өлеңін оқыған. Оған «Apple iPhone 11» смартфоны берілді.
Челленджге белсенді қатысып, Абай шығармаларын ерекше оқыған филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ұлдай Ержанова, қалалық «Жайық үні-Жизнь города» газетінің директор-редакторы, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиева, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Салтанат Абулғазиева, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директоры Асхат Қажғалиев арнаулы марапатқа ие болды.
«Ең үздік ұжымдық бейнетүсірілім» номинациясымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, «Белсенді үлес қосқан ұжым» номинациясымен №33 мектеп ұжымы, «Өнерліге өріс кең» номинациясымен Бөрлі аудандық балалар өнер мектебі марапатталды.
Орал қаласындағы №49 бөбекжай тәрбиеленушісі Мерхан Темірхан «Ең жас қатысушы», Бәйтерек ауданынан мектеп оқушысы Захар Шишацикий «Түрі басқа болғанымен, тілегі бір» аталымы бойынша марапатқа ие болды.
Марапат иелерін қала басшысы атынан орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Еске сала кетейік, бүгін «Абай күніне» орай Орал қалалық кітапханасында «Абай залы» ашылды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz






Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу