ОРАЛДАҒЫ ҮШ МЕКТЕП «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» АРҚЫЛЫ ЖАҢАРУДА
Оралдағы №45 орта мектеп «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы күрделі жөндеуден өтуде.

№45 орта мектептің ғимараты өткен ғасырдың 40 жылдары салынған. Соғыс жылдары бұл ғимаратта әскери госпиталь болса, кейін темір жол мектебі болған. 2003 жылдан бастап нысан қалалық білім бөліміне беріліп, №45 мектеп жұмысын бастады. Білім ұясының директоры Ләззат Сағынғалиеваның мәліметінше, салынғалы бері ғимаратқа күрделі жөндеу жасалмаған. Нысанның жобалық қуаты 500 орындық, бүгінгі күні 655 оқушы екі ауысыммен білім алуда.
– Мектебіміздің күрделі жөндеуден өтуін ұзақ күттік. Шатырдан су ағатын, салқын, жүйелер тозған. Кезекті жүргізіліп жүрген ағымдағы жөндеу жұмыстары ғимараттың техникалық жағдайын жақсартуға оң әсерін берген жоқ. Мектебіміздің жаңартудан өтіп жатқанынан ұжыммен қатар ата-аналар, білім алушылар шексіз қуанышты. Бәріміз жарқыраған мектебімізге келетін күнді асыға күтудеміз, – деді Ләззат Тарасқызы.
Күрделі жөндеу жұмыстарын «БатысСтройИнвест» ЖШС жүргізуде. Жоба бойынша 4,5 айда аяқталуы тиіс. Учаске басшысы Валерий Дисенов мамырдың 10 жұлдызынан демонтаждау басталғанын жеткізді. Қазіргі уақытта шатырды жаңарту, ішкі және сыртқы сылау, терезелерді орнату жұмыстары жүргізілуде. Тозған еден толықтай алынып тасталған. Құрылыс басында 96 жұмысшы бар. Оған қоса «Студенттік құрылыс жасағының» сарбаздары да көмек қолын созуда.
2450 шаршы метрлік екі қабатты мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына бағарлама аясында 500 млн. теңге бөлінген.
Айта кетейік бұған қоса, Орал шаһарындағы №21, 25 мектептер аталған бағдарлама арқылы күрделі жөндеуден өтуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу