БҚО ӘКІМІ: «ДӘРІХАНАЛАР ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУҒА АЛЫНАДЫ»
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі коронавирусқа қатысты жағдай туралы баяндап, дәрілік препараттардың жеткізіліміне де тоқталды.

Кейінгі бес ай ішінде облысқа вирусқа қарсы және қызу түсіретін дәрілердің жетікізілімі 5 есеге көбейген. Қазіргі уақытта парацетомалқұрамдас препараттардың, ацетил қышқылы, цефтриаксон, вирусқа қарсы препараттар, азитромицин, аскорбин қышқылының белгілі қоры бар. Парацетамол, левофлоксацин және антикоагулянттар жетіспеуде. Бұл дәрілік заттарға тапшылық еліміздің басқа өңірлерінде де бар. Облыс басшысының сөзінше, бұл дәрілерді өндірушілердің жөнелтілімді кешіктіруіне байланысты болып отыр.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша дәрілік заттарды алып сатумен айналысушыларды анықтау және дәріханалардағы бағалардың өсуін қадағалауды жүргізудеміз. Мониторинг тобы кейбір дәріхана иелерінің тарапынан жіберілген олқылықтарды тіркеп үлгерді. Барлық материалдар тауарлар мен көрсетілетін қызметтері сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаментіне жолданды. Бұзушылыққа жол бергендерге айыпұл салынатын болады. Дәріханалар бағаны мемлекеттік органдар рұқсат берген бағадан артық көтермеулері керек, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Дәрілердің шекті бағаларын www.dari.kz сайтынан немесе мобилдік қосымшаны жүктеп алып, қарауға болады.
– Кейбір дәріханаларда сатушылардың дәрілік заттарды кассадан тыс өткізіп, үстінен қосымша ақша талап етіп отырғаны туралы ақпарат түсуде. Дәріхана иелері мен сатушыларға қазір қатаң қадағалау жүргізіліп жатқанын қатерлеріңізге салып, мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін әкелетінін ескертемін. Дәріхана басшылары біз қамтамасыз етіп отырған дәрі-дәрмектерің ашық сатылуын қатаң қадағалауға алуы тиіс, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Сондай-ақ облыс басшысы науқастарды емдейтін барлық мемлекеттік медициналық ұйымдар дәрілік заттар мен препараттардың қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілгенін жеткізді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу