ANTIKOR.LIVE: ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ БАҒАЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
7 шілде күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында короновирус инфекциясының таралауына байланысты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн режимде кездесу өтті. Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ш.Р.Искакова және «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Сәлиева қатысты.

Шара барысында короновирус инфекциясының таралауына байланысты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Н.И.Самет өз сөзінде, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, «Дәріханаларда өмірлік маңызды дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз көтерілу фактілеріне жол берілмейтіндігін және кінәлілердің жауапкершілікке тартылатындығын» атап өтті.
Карантин кезінде өңірде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі және БҚО кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп арнайы мониторингтік тобы құрылады.
Мониторингтік тобының мақсаты – дәрілік заттарды бөлшек саудамен сату барысына түсіндіру жұмыстарын жүргізу және дәрілік заттар бағасының негізсіз жоғарлауын анықтау болып табылады.
Егер азаматтар дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз көтерілу фактілеріне тап болған жағдайда, БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің 8 747 492 91 79 WhatsApp нөміріне және республикалық «Адалдық Алаңы» кеңсесінің 8 702 000 24 94 нөміріне хабарласа алатындықтарын естеріңізге саламыз.

Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу