ОРАЛДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАН 43 НЫСАННЫҢ ИЕСІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПҚА ТАРТЫЛМАҚ
Коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу мақсатында алдағы күндері де шектеу шараларын күшейту қарастырылмақ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы М.Арыспаев айтты.

Коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу мақсатында демалыс күндері қосымша уақытша шектеу шараларын енгізілген болатын. Азаматтардың жүріп-тұруы шектеліп, базарлар, сауда нысандарының, қоғамдық орындардың жұмысы және қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтатылды. Осы екі күннің ішінде облыс орталығындағы нысандарда, аялдамаларда ауқымды дезинфекция жүргізілді. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, мейрамхана мен кафелердің қызметті санитарлық талаптарды сақтамай жүргізу жағдайлары кездесуде.
– Отбасылық жиындар, адамдардың көп жиналып, той тойлауы да тоқтамай тұр. Қарым-қатынас жағдайына байланысты аурушаңдық белгілері көбірек тіркелуде. Бүгінде жұмыс тобы құрылып, барлық нысандарда мониторинг жүргізуде. Кемішіліктер өте көп. Шаштараздарда, шағын дүкендер мен базарларда санитарлық талаптардың бұзылуы тіркелуде. Тексеру нәтижесінде 43 нысан бойынша хаттама толтырылып, материалдары әкімшілік сотқа жолданды, – деді Мұхамғали Арыспаев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу