БҚО-ДА БІР ТӘУЛІКТЕ 95 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
БҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 1431 жағдай тіркелді. Бүгінде 893 адам жазылып шықты. Алайда 7 адам көз жұмған. Облыстағы эпидемиолгияылқ ахуал тұрақсыз. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы М.Арыспаев айтты.

28 маусымда өңірде 95 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 53-інде клиникалық белгілері болмаған, 42-сі ауру белгілері бар науқастар. Олардың 20-сы бұған дейін коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған, екеуі эпидемиологиялық қадағалау бойынша анықталғандар, 18 адам жедел вирустық инфекция белгілерімен медициналық көмекке жүгінген.
Бас санитарлық дәрігердің мәліметінше, бүгінде 821 ошақта ауру жағдайлары тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық жағдайы 218-ді құрады. 3 маусымнан бастап клиникалық белгілері жоқ 1071 тасымалдаушы тіркелді.
Бүгінгі күні коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбі Орал қаласында тіркелген, дегенмен аудандарда да аз емес. Мәселен, Ақжайық ауданында – 41 жағдай, Бөкей орда ауданында – 16, Бөрліде – 41, Жаңақалада – 8, Жәнібекте – 27, Бәйтеректе – 84, Қаратөбеде – 6, Сырымда – 31, Тасқалада – 48, Теректіде – 41, Қазталовта – 3, Шыңғырлауда – 6, ал Орал қаласында – 1079 жағдай тіркелді.
– 1 маусым мен 28 маусым аралығында 761 ауру жағдайы тіркелді. 28 маусымдағы аурушаңдықтың өсу деңгейі – 3,0 пайыз болса, 27 маусымда 3,3 пайызды көрсетті. 25 аптаның көрсеткіші бойынша өсу бағыты 2,6 пайызды құрады, – деді Мұхамғали Қайыржанов.
761 жағдайдың 332-сі қарым-қатынастағы адамдар арасынан анықталса (43,1%), 65 адамнан (9,0%) профилактикалық мақсатта тексеру кезінде, 32 адамнан (4,1%) эпидқадағалау бойынша анықталды, ал 332 адам ауру белгілерімен медициналық көмекке өздігінен жүгінген.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу