27-28 МАУСЫМДА ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРЫ ҮШІН ТАСЫМАЛ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
Батыс Қазақстан облысы бас санитар дәрігерінің 23 маусымдағы Қаулысына сәйкес, облыс аумағында 27-28 маусым күндері коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шаралары енгізілді. Білім басқармасы осы күндері тест тапсырушылары үшін арнайы тасымал ұйымдастырылатынын хабарлады.

– Сенбі және жексенбі күндері өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттеріне тест тапсырушыларын жеткізуге тасымал ұйымдастырылады. Сонымен қатар аудандардан облыс орталығына келіп тест тапсырушылар үшін де аудандық білім беру бөлімдері тасымалды қамтамасыз етеді, – деді БҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Ғұмарова.
Тасымалдауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады:
Орал қаласының білім беру бөлімі -8 747 113 49 23.
БҚО білім басқармасы- 8705 813 42 26.
Айта кетейік, Орал қаласында демалыс күндері – сенбі және жексенбіде, нақтырақ айтқанда 27 маусым сағат 00.00-ден (жұмадан сенбіге қараған түнгі) 29 маусым сағат 00.00-ге дейін (жексенбіден дүйсенбіге қараған түн) қосымша шектеу шаралары енгізілді.
Еске сала кетейік, БҚО-да ҰБТ 22 маусым күні басталды. Төрт күн ішінде 2041 талапкер тест тапсырды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу