БҚО-ДА ҰБТ КЕЗІНДЕ ТОҒЫЗ ТАЛАПКЕР ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНМЕН ҰСТАЛДЫ
Бүгін Батыс Қазақстан облысында ҰБТ-ның екінші күні 7 тестілеу пунктінде өтті. Жаңақала, Жәнібек, Ақжайық, Бөрлі, Сырым, Қазталов ауандары мен Жәңгірхан атындағы БҚАТУ-да ұйымдастырылыған тестілеуде 769 талапкер тест тапсырды.

Елде орын алған ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптар ескеріліп, оқушылардың арақашықтығы сақталды. Түлектер алдымен дезинфекциялық тоннельден өтіп, дене қызуын өлшетіп, медициналық маска және қолғаппен қамтамасыз етілді.
БҚО білім басқармасының мәліметінше, екінші лекке қатысуға тиіс 794 талапкер өтініш білдірген. Олардың тоғызы өз еріктерімен тест тапсыруға келмеді. Тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 6 талапкер тест тапсыруға жіберілмеді.
Тестілеу кезінде ережелерді бұзып, ұялы телефон пайдаланғаны үшін Орал қаласы, Сырым, Бөрлі, Жәнібек, Қазталов аудандарынан жалпы саны тоғыз талапкер аудиториядан шығарылып, биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тәртіп бұзғандардан бөлек, 1 талапкер денсаулық жағдайына байланысты ҰБТ-ны басқа күні, сауыққан соң тапсырады.
Айта кетейік, 22 маусым күні БҚО бойынша 193 талапкер ҰБТ сынағын тасырды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу