ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖАНЕРКЕ
Бүгінде қалада кәсіпкерлік саласы кеңейіп келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінуде. Тігіншілік өнерін жанына серік еткен кейіпкеріміздің тағдыры өзгелерге ұқсамайды. Әйтсе де Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы керек» деген сөзі Жанерке Төлегеннің өмірлік ұстанымына айналған. Жігерін жанып, арманына қанат бітірген де Елбасының осы сөздері екен.

Жанерке Төлеген 1994 жылы Сырым ауданының Бұлан ауылы Шідерті елдімекенінде дүниеге келді. Мүмкіндігі шектеулі болғанымен, қолөнерге жастайынан жақын болған. Әжесінің тәрбиесінде өскен ол ұлттық өнермен сусындап өсті. Есейе келе білген-түйгенін дамытып, 2017 жылы бұл салаға түбегейлі бет бұрды. Тігіншілік мамандығын меңгеріп алды. Өткен жылдың күзінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан «Бастау Бизнес» жобасымен оқуға ұсыныс түскенде Жанерке қатты қуанды. Осылайша бір ай бизнесті дамытудың қыр-сырын әбден үйренген бойжеткен «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсы шеңберінде «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 500 мың теңге қайтарымсыз несие грантын ұтып алды….
– Әрине, мүмкіндігім шектеулі болған соң кәсібімді бірден дөңгелету маған қиынға соқты. Ыңғайлы орын таппай қиналдым. Алдымен Жаратқанның, одан кейін анамның, жаны жомарт, қайырымды жандардың қолдауымен Асан ауылынан орын-жай алып, ақпан айында өз кәсібімді аштым. Ондағы мақсатым – өзімді мүмкіндігі шектеулі емес, мүмкіндігі шексіз адам ретінде көрсетіп, халық игілігіне жарайтындай еліме, жеріме адал қызмет ету болатын. Қоғамға жат адамдай сезінбей, керісінше, өзімізді ел қатарлы еңбектеніп, өмір сүруге құлшынысы бар жан ретінде көрсетуді көздедім. Алдағы уақытта бастаған ісімді жандандырып, студиямда жасалған жұмыстарымды ел алдына ұсынуға ниеттімін. Өз жетекшілігімдегі «Ерке» қолөнер студиясында тоқыма, тігін, өзге де үйірмелер бар. Үйірмемізде әзірге 20-ға тарта қатысушы. Тек мектеп жасындағы бүлдіршіндер ғана емес, бала күтімімен үйде отырған қыз-келіншектер мен апа-әжелер де үйірмеге тегін қатысып, қазақтың қолөнерін дамытуға атсалысуда. Елдегі орын алған жағдайға байланысты карантин уақытында да олар онлайн жұмыс жасады. Болашақта студиямды әлемдік деңгейде дамытып, беделі биік кәсіпкерлер қатарына қосылып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз аймаққа айналғым келеді, – дейді жігері мықты, мақсаты нық ісмер қыз.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Толығырақ «Жайық үні» газетінің 2020 жылғы 18 маусымдағы №23 санынан оқи аласыздар.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу