8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Маусым 2020 1476 0
Қоғам

БҚО ФИЛАРМОНИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН БАЙҚАУҒА 100-ДЕН АСА ДОМБЫРАШЫНЫҢ ӨТІНІШІ ҚАБЫЛДАНДЫ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Халық композиторы, төре күйлерінің негізін қалыптастырған Дәулеткерей Шығайұлының шығармашылығын насихаттау жарияланған республикалық «Күй-live» онлайн конкурсына республиканың әр түкпірінен 105 домбырашының бейнежазбасы түскен. 

Бүгін ұйымдастырушылар аталмыш байқауға қатысуға өтініш жолдаған қатысушылардың бейне жазбаларының сапасын тексеріп, тізімін жасақтады. Байқауға республиканың барлық облыстары мен қалаларынан бейнематериалдар түскен. Үміткерлердің  дені Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облысының домбырашылары. Алдағы күндерде қазылар алқасы онлайн жүйеде байқау жеңімпаздарын анықтайтын болады.

Айта кетейік, биыл күй өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы Дәулеткерейдің туғанына – 200 жыл. Ал БҚО филармониясындағы күйші атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің құрылғанына – 20 жыл.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»