8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Мамыр 2020 1454 0
Өзек

ОРАЛДА ЕР АЗАМАТ КӨШЕ БОЙЫНДА ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАМАҚ БОЛДЫ

Оралда ер азамат өзінің тамағын кесіп, денесін зақымдамақ болды. Оқиға орталық көшелердің  бірінде  болған.  Әп-сәтте  әлеуметтік  желіде таралып, жұртшылықты елең еткізген жағдайға байланысты БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

27 мамыр сағат 9.26-да 102 қызметіне  Орал қаласының 1989 жылғы тұрғыны хабарласып, 26 мамырдан 27 мамырға қараған түні белгісіз адамдардың есігінің алдында тұрған Kia Sportage маркілі автокөлігін айдап кеткенін хабарлаған. Ақпарат түскен бойда «Тосқауыл» («Перехват») жоспары хабарланып, аталған көлікті іздестіруге  Орал қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы толық жұмылдырылды.

Сағат 12.25 шамасында  бұл көліктің Ж.Досмұхамедов көшесіндегі жеке үйлердің  жанында тұрғаны байқалған. Үй ауласында  екі азамат болған. Олардың біреуі сол жерде ұсталып, екіншісі полиция қызметкерлерінен қашпақ болған.  Полицейлер артынан қуған кезде ол өзінің денесіне жарақат салып, көше бойында өз тамағын пышақпен кесіп үлгеріпті.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің  арқасында ол ұсталып, дереу жедел жәрдем қызметі шақырылған.  Алғашқы көмек көрсетілген соң, құқықбұзушы полицейлерге қайта тапсырылды. Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ ПД баспасөз қызметі оның орта дәрежеде мас күйде болғанын хабарлады.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
328 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»