8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2020 2208 0
Қоғам

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» АРҚЫЛЫ БІЛІМ ҰЯЛАРЫ ЖАҢАРАДЫ

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы апатты жағдайдағы Орал қалалық №33 мектебінің орнына жаңа ғимарат бой көтеруде. Жалпы бұл бағдарлама арқылы биыл Батыс Қазақстан облысында төрт білім беру нысанының құрылысы жүргізілмек. Оған  1 047 132,0 мың теңге бөлінген. 

«Ет комбинаты» ауданы аумағында орналасқан №33 орта жалпы білім беретін мектебі 1935 жылы салынған. екен. Мектеп директоры Үміт Ерғалиева атап өткендей, аталған мектеп тәуелсіздіктің  алғашқы жылдарында  Оралда алғаш ашылған қазақ мектептерінің бірі. Қазіргі уақытта мектепте 457 оқушы бар. Олар өткен жылы мектептің  апатты деп танылуына байланысты осы аудандағы №2 мектеп ғимаратына  көшірілген еді.

Бұған дейін, облыстық құрылыс басқармасы мәлім еткендей ескі ғимараттың орнына 300 орындық жаңа нысанның жобалық құны – 1,3 млрд. теңгеге есептелген. Өткен жылдың желтоқсанынан бастап ескі мектепті сүру жұмыстары жүргізіліп, биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталды.  Мектеп құрылысын «НұрКапСтройГаз»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 14 айға жоспарланған.

Сондай-ақ аталмыш «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы негізінде Бәйтерек ауданы Зеленов ЖОББМ ғимаратының құрылысы, Бөкей Ордасы ауданы Бөрлі ауылындағы М.Бегалиев атындағы ЖОББМ екі ғимаратының арасына жабық өткел құрылысы, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында А.Оразбаева атындағы орта мектебінің спортзал құрылысы жүргізіледі.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол қартасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 8 245 719 мың теңгеге 26 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілмек. Қазірдің өзінде жөндеу жұмыстары басталып кетті.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
115 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
170 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
238 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
268 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
313 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»