«УАҚЫТША ҚИЫНДЫҚТЫ БІРЛІГІМІЗБЕН ЕҢСЕРЕМІЗ»
Серік МҰХАМБЕТӘЛИЕВ, Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты:

– Қазіргі таңда тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіруде. Өкінішке орай, бүгінде бұл кесел біздің елімізді де айналып өтпеді. Осы жағдайға байланыс ты Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын жолдап, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайтынын жеткізді. «Мен сөзімді алдымен аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне арнаймын: халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға үндеңіздер. «Ырыс алды – ынтымақ» екенін ұмытпаңыздар. Жастарды еңбекке, білім алуға, қатарының алды болуға тәрбиелеңіздер. Ұрпақ алдындағы жауапкершілік бізді осыған міндеттейді. Кәсіпкерлерге де арнайы айтарым бар: сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді «Мен еліме не беремін?» дейтін кездеріңіз де келді», – деген Елбасы баршаны жұдырықтай жұмылып, қиындықты бірлесе еңсеруге ұмтылдырды.
Мақалада мемлекет осы қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын және тиісті шараның барлығын атқаратынын мәлімдеп, көпшіліктің көңіліндегі күпті ойды сейілтті. Әрине, қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. – Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ, – деген Тұңғыш Президентіміздің жалынды сөздері барша ел тұрғындарына рух бергендей болды. Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз – ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды» деген қанатты сөзін берік ұстанып, баршамыз тәртіпке бағына білейік. Қазіргідей алабұртпа көңіл жағдайында Елбасы дархан халқын қиындыққа қайыспай, белді бекем буып, береке-бірліктен айрылмауға шақыруы – асқан көрегендігі деп білеміз. Сондықтан ел ішіне үрей таратып, байбалам салушылардың арзан әңгімелеріне ермей, сақ болғанымыз жөн. Елбасы айтқандай, ғайбат пен байбалам орнына ғылым-біліммен шұғылданғанымыз абзал.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу