8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2020 1781 0
Қоғам

ОРАЛДА ТЫНЫМБАҚТАР МЕН АЛАҢДАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ЖАЛҒАСУДА

Орал қаласы аумағында 56 алаң мен тынымбақ бар, олардың 43-і абаттандырылған. Ағымдағы жылы тынымбақтарды абаттандыру бойынша 2 жоба жүзеге асырылмақ. 

Қала әкімінің орынбарасы Мирас Мүлкәйдің мәліметінше, 5 гектар аумақты құрайтын жасыл желекті жол абаттандырылады. Бұл  қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Циолковский көшесінен С.Датов көшесіне дейінгі Әбілқайыр хан даңғылы және Әбілқайыр хан даңғылынан Шолохов көшесіне дейінгі С.Датов көшесіне созылатын алаң. Екінші жоба – Зачаганск кентіндегі облыстық балалар ауылындағы тынымбақ.

– Аталған жобалар бойынша аумақты көгалдандыру, жарықтандыру, сонымен қатар кіші сәулет формаларын орнату жұмыстары қаралған. Қазір мердігерді анықтау мақсатымен мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Бұл жобаларға құны 400 000,0 мың теңгеден астам, қаржы бағытталып отыр, – деді Мирас Рүстемұлы.

Сонымен қатар Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай – Жеңіс алаңында, Абай Құнанбаевтың – 175 жылдығы аясында – Абай алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылмақ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»