8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қаңтар 2020 1797 0
Өзек

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ОРАЛДЫҚ АЗАМАТ 20 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛУЫ МҮМКІН

11 қаңтардан бастап мас күйде автокөлік басқарғандарға жауапкершілік күшейтілген заң күшіне енді. Орал қаласында жаңа заңмен жауапқа тарту бойынша алғашқы факт тіркеліп үлгерген.  

 

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мас күйде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына жол берген 22 жасар оралдық азамат осы қатаңдатылған заң бойынша жауапқа тартылмақ. Бүгін, 13 қаңтар күні шамамен сағат 7.00-де «ВАЗ-21150» жүргізушісі Құрманғазы көшесімен қозғалып келе жатып, Фрунзе көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай арыққа түсіп кеткен.

Медициналық сараптама қорытындысында жүргізушінің мас күйде болғаны нақтыланды.

Қазір 1997 жылғы бұл жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабы 3-тармағы бойынша (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қозғалуда.  Жаңа заң бойынша оған 20 тәуліктік әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылып, сегіз жылға дейін көлік жүргізу құқынан айырылу қаупі төніп тұр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»