8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қаңтар 2020 1957 0
Өзек

ҚАУІПТІ КӘРІЗ ЛЮКТЕРІ ТЕКСЕРІЛУДЕ

«Jas Otan» ЖҚ Батыс Қазақстан филиалы мен БҚО Төтенше жағдайлар департаменті «Қауіпсіз қала» акция-рейді аясында ашық тұрған люктерге және газ кему датчиктерінің жағдайына мониторинг жүргізді.

CityCenter, Еткомбинаты, Школьник, Юбиляр және Юбилейный аудандарындағы люктердің қақпақтарын бақылау нәтижесінде 15 құдықтың қауіпті жағдайда екені анықталып, тиісінше Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, «Батыс су арнасы» және «Жайық жылу қуат» мекемелеріне апатты жағдайдағы ашық люктар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар алдағы уақытта осы қауіпті құдықтар бойынша тиісті деңгейде жұмыстардың қамтамасыз етілуін жасотандықтар мен қадағалайтын болады.

сондай-ақ еріктілер «Өскен» ауылы «Томирис» саяжайында газ кему датчиктерінің жағдайына мониторинг жүргізіп, өрт қауіпсіздіктерін алдын алуға арналған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында 20-дан астам ашық және зақымдалған люк анықталды, 5 кәріздік люк апатты жағдайда деп танылды.

Рейдке 100-ден астам «Jas Otan» ЖҚ ,«Орал» студенттер альянсы» және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Руханият» еріктілер тобының жастары қатысып, қаланың қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтындарын көрсетті.

Орал қаласының аумағынан қауіпті құдықтар мен газ құрылғыларын байқаған жағдайда 8 776 098 07 07 whatsapp нөмірі арқылы хабар беруілеріңізге болады.

 Ерлік Шамғалиев, «Jas Otan» ЖҚ БҚОФ  төраға орынбасары

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»