ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Бүгін Батыс Қазақстан облысының азаматтық орталығына тәжірибе алмасу мақсатында Атырау облысы үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері келді.

Делегация құрамында «Jarqyn Bolashaq» ҚБ өкілдері Д. Ғасырбек, Н. Сүйеуқызы, «Нейбарт» ЖК-нің иесі И. Нейбарт, «Ер жүректілер» ҚБ өкілі Г. Өтебалиева, «Ақжол» ҚБ-нен Қ. Құрмашев, «Атырау облысының азаматтық орталық» маманы А.Баяндықызы болды. Батыс Қазақстан облысы атынан «Азаматтық орталық» жетекшісі А.Құрымбаев, «Нұр» ҚБ директоры Г. Франк, «Мейірім» ҚБ жетекшісі Э. Бекқазиева, «Altyn dombyra» ЖК-нің иесі Ж. Сейтахов, «Суретші шеберханасы» ЖК-нен Б. Жұмабаев, волонтерлар М. Муксинова, Қ. Жұбанышевалар әлеуметтік кәсіпкерлік пен жобалау туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Азаматтық орталықтың жұмысы таныстырылды.
Негізгі міндеттерді іске асыру үшін Азаматтық орталық орталыққа жүгінген ҮЕҰ-ға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар, сондай-ақ сыйлықақылар беру бойынша конкурстық рәсімдерге қатысу үшін құжаттар дайындауда әдістемелік, әлеуметтік маңызы бар салада іс-шаралар өткізу кезінде материалдық-техникалық көмек көрсетіп, ұйымдық ықпал етіп келеді (дөңгелек үстелдер, ҮЕҰ-мен кездесулер, дәрістер және т.б. өткізу). ҮЕҰ кадрлық әлеуетін арттыру үшін тренингтер мен семинарлар өткізу, ротациялық (бекітусіз) негізде жұмыс іс-шараларын өткізу үшін үй-жайды қысқа мерзімге ұсыну, ҮЕҰ қызметін дамыту және тиімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық, консалтингілік және білім беру қызметтерін көрсету, азаматтық сектор арасындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жүйесін дамытуға ықпал ету, бизнес – ҮЕҰ – мемлекет сектораралық әлеуметтік серіктестігін дамыту, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету және орталықтың жұмысы аясында көшпелі семинарлар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен айналысатын мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін семинар-тренингтер, ҮЕҰ арасында «Ең үздік әлеуметтік жоба» байқауын ұйымдастыруды да қолға алды.
Тәжірибе алмасу мақсатындағы кездесу аясында кейбір мәселелер талқыланып, болашақта бірлесіп жұмыс істеу жоспары құрылды.

Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года

Кіру
Пікір үстеу