МАКСИМ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАДАН АЛТЫН ТАҚТЫ
Теміртау қаласынан осындай сүйінші хабар жетті. 11-сынып оқушысы Максим Ким жаратылыстану-математика бағыты бойынша XIІ Президенттік олимпиадасынан алтын медаль алды.

Республикалық жарысқа қатысу мүмкіндігіне Қазақстан бойынша 172 оқушы ие болды. Еліміздің әр өңірінен жиналған мықтылар екі күн бойы физика, математика, химия және биология пәндері бойынша бақ сынасты. Ерекше атап өтетін жайт, Максимнің көрсеткіштері олимпиаданың 3 үздік нәтижесіне енген.
– Бала кезімнен жаратытылыстану және математика ғылымдарына әуеспін. Олимпиада тапсырмаларының мен үшін күрделі болмағандығы содан болар. Қарсыластарымның да осал болмағанын мойындаймын. Әр пәннен дайындаған ұстаздарыма алғысым шексіз, – дейді алтын медаль иегері оралдық Максим Ким.
Максимнің сөзінше, бұндай ауқымды жарыстар әр оқушы үшін мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Жеңімпазды физика пәнінен Қанат Бисеков, математикадан Нұрлы Габдуллина, химиядан Гүлсім Киматова, биологиядан Нұркен Аймұханов сияқты ұстаздар дайындаған.
Беделді олимпиаданың қазылар алқасының құрамында өткен жылдардағы халықаралық және Президенттік олимпиадалардың жеңімпаздары, бүгінде еліміздің алдыңғы қатарлы және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистрлері мен PhD докторлары бар.
Айта кетейік, оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы білімдерін тереңдету, дамытуға бағытталған олимпиада 2008 жылдан бері Елбасының бастамасымен өткізіліп келеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер отандық жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын тағайындауда басым құқықты иеленеді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу