УНИВЕРСИТЕТТЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да электронды қызмет залы ашылды.

Өткен жылы университетте студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылған болатын. Мұнда «бір терезе» қағидасы бойынша анықтамалар мен транскрипттер, диплом түпнұсқаларын беру, білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, гранттар мен шәкіртақыларға өтініштерді қабылдау, оқу ақысын нақтылау, ауысулар, қайта қабылдау, академиялық демалыс пен оқудан шығу мәселелері және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу бойынша жалпы 35 қызмет түрі көрсетіледі. Енді осы орталықтан электронды қызмет көрсету бұрышы ашылып отыр. «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның Батыс Қазақстан облысы филиалымен бірлесе қолға алынған электронды қызмет бұрышы бірінші кезекте университет қызметкерлері мен студенттерінің цифрлы сауаттылығын арттыруға бағытталған. Яғни, университет қызметкерлері мен студенттері орталықтың фойесіне қойылған қос компьютерді пайдаланып, «е-gov.kz» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуына болады. Ол үшін бүгінге дейін ХҚКО мамандарының жәрдемімен мемлекеттік қызметтерді алу туралы курстан өтіп, сертификаттарын алған оқу орнындағы 20 шақты IT-маман бағыт-бағдар беріп отырады. Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы Жанна Құбашеваның айтуынша, ХҚКО-на бармай-ақ мұнда бір реттік құпиясөзбен 60 шақты және ЭЦҚ қолдану арқылы 300-дей қызметті алуға болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу