«АҚ ШАҒАЛА» ЖЕТПІС БЕСТЕ!
Аса құрметті Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЙҚЫЗЫ!

Сізді, мерейлі 75 жасыңызбен шын жүрегімізден, ақ пейілімізбен құттықтаймыз.
Ақ Жайықтан шыққан, сөз қадірін ұққан өр мінезді Махамбет, сөз шебері Сырымдай бабаларымыздың жалғасы іспеттес Тайыр, Жұбан, Қадыр сынды көптеген қаламгер ағалардың қазақ поэзиясында ауыр жүгін арқалап, көшін жалғастырған нәзік жүректі ақын ретінде Алаш жұрты сізді ерекше мақтан тұтып, құрметтейді. Барша қазақ баспасөзінің де сізге айтар алғысы, тілер тілегі шексіз. Өйткені Сіз ұлттың кешегісі мен бүгінін түгендеп, ертеңін ойлап, өлең-жырларыңыз арқылы елді тәрбиелеп келесіз. Сондықтан, ардақты Ақұштап апа! Сізге және отағаңыз Ғабдырахым Маралұлына Жамбыл атамыздың жасын, әр күннің арайлы шуағын, бақыты мен берекесін, ырыс-құтын тілейміз. Шаңырағыңызда шаттықтың ән-жырын шалқытып, тірліктің тәтті дәмін тата беріңіздер. Бұл өмірдің ризығы мен несібесін ұрпақтарыңызбен бірге көруге, Ақ Жайықтың жағасында аман-сау жүруге Жаратқан Ием жар болғай.
Зор ықыласпен: Орал қалалық «Жайық үні» газетінің редакция ұжымы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу