7,9 млрд теңге шығын: Білім беру саласында 102 қылмыстық іс тіркелді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің негізгі бағыттарының бірі ретінде Жемқорлық тәуекелдерінің картасы қолданылады. Бұл туралы агенттік Төрағасы Асхат Жұмағали 6 айдың қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Антикор картаны іске асыру кезінде жемқорлық тәуекелдеріне білім беру саласында сыртқы талдаулар жүргізілгенін мәлімдеді. Ведомство басшысы атап өткендей, Антикор үшін жемқорлық көріністерін жоюда негізгі алдын алу құралдарын пайдалану басымдыққа ие.
«Біз үшін «адам орталықтылығы» қағидаты басымдыққа ие. Мемлекеттік органдар азаматтардың өмірін жақсартуға баса назар аударуы тиіс. Осыған сүйене отырып, Агенттік жұмыстағы тәсілдерді түбегейлі қайта қарады. Жемқорлық тәуекелдерінің карталары басты бағдар болды», – деп атап өтті Асхат Жұмағали.
Білім беру саласында ауқымды жемқорлыққа жағдай жасайтын жүйелі проблемалар белгіленген. Агенттіктің интеграцияланған талдауды пайдалануы жемқорлық схемаларын ішінен егжей-тегжейлі зерделеуге мүмкіндік берді. Соның арқасында бүкіл республика бойынша жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде білім беру саласындағы тұтас қылмыстық схемалар ашылды.
Алматы, Шымкент және Талдықорған қалаларының, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының білім беру саласындағы лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. Осылайша, мектеп директорлары мен бухгалтерлері бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылықпен және басқа мәліметтер базасымен интеграциялаудың жоқтығын пайдаланып, бюджет қаражатын жымқырған.
Бұл білім бөлімдерінің басшылары мен мемлекеттік аудиторларды қамту кезінде болды. Бүгінде еліміз бойынша алдын ала 7,9 млрд теңге шығынмен білім беру саласында 102 қылмыстық іс тіркелген. Жалпы, талдау нәтижелерімен әртүрлі салаларда жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 1 100-ден астам ұсыным әзірленді. Бүгінде олардың 33%-ын мемлекеттік органдар орындаған.
Дереккөз: inform.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу