СЕНБІЛІК. 10 МЫҢНАН АСА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ҚАР ТАЗАЛАУҒА ШЫҚТЫ
Бүгін оралдықтар көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатымен қар тазалау сенбілігіне шықты. Облыс әкімі Алтай Көлгінов пен қала басшысы Мұрат Мұқаев қар тазалау шарасының басы-қасынан табылды.

Сенбілік қаланың барлық ауданында белсенді жүргізілді. Бұл іске мекеме-ұйым қызметкерлері, қалалық жастар ресурстық орталығы еріктілері, оқу орны студенттері және қала тұрғындары қатысты. Кәсіпкерлік нысандары өз аумақтарын қардан тазалап, өз күштерімен шығарды. Сондай-ақ қала әкімдігінің ұйымдастыруымен су басу қаупі жоғары аумақтарды ұлпадан тазалауға кәсіпорындар тартылған. Мәселен, облыстық аурухана аумағында Дәулеткерей, Елизаров көшелерінің қарын «Ануша», «Айдана», «ДСК «Приоритет» ЖШС-лары шығарды. Қала әкімі Мұрат Рахметұлы атап көрсеткендей, жұмыс жасап жатқан 5 тиегіш пен 15 жүк көлігі бүгін осы көшені толық тазалап аяқтайды. Сонымен қатар құрылыс компаниялары алдағы уақытта да өз техникаларымен көмек көрсетуге келісім берген.


Ет комбинаты ауданы Гагарин көшесі студенттер күшімен тазалануда. Ал мектеп аулаларын қардан аршуға білім ұйымының қызметкерлерімен қатар қолдарына күрек ұстап, ата-аналар да білек сыбана кіріскен.
Қаладағы су басу деңгейі қауіпті аудандардың бірі – Зашаған кентіндегі «Болашақ» шағынауданы. Еріген қар суы әсіресе Жасқұс көшесіне қауіпті. Сол себепті бұл аумақтың да тазалануы қадағаланды.

Жалпы бүгінгі сенбілікке 10 мыңдай тұрғын қатысты. 500 арнайы техника жұмылдырылды. 30 мың текше метр қар шығарылып, 15 шақырым арық тазартылды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу