8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Тамыз 2023 584 0
Мезгіл мәселесі

7 айда мемлекеттік бюджетке 10,4 трлн теңге түсті

Қаңтар-шілдеде 137 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 7 айында камералдық бақылаумен 8,4 трлн теңгеге 274 мыңнан аса мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 40 мыңға жуық рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 93 пайызын орындады», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Ведомство басшысының атап өтуінше, жеті айда 1 300-ден аса аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 771 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. «Шамамен 137 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 104 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1,3 мыңнан астам ұсыным берілді», – деді министр.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
109 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
163 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
350 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
342 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»