3 ЖЕЛТОҚСАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТЕР КҮНІ
Халықаралық мүгедектер күні бүкіл әлемде жыл сайын 3 желтоқсанда атап өтіледі. Биылғы жылдын тақырып: мүгедектердің қажеттіліктерін ескере отырып, пандемиядан кейінгі инклюзивті және тұрақты әлемге қарай.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, бір миллиардтан астам адам – әлем халқының шамамен 15% – ы мүгедектіктің қандай-да бір түріне ие.
Батыс Қазақстан облысында 24 мыңнан астам мүгедек бар. Олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағулова мәлімдеді.
ҚР «МӘМС туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, I, II, III топтардағы мүгедектігі бар адамдар мемлекет жарналар аударатын азаматтардың 15 жеңілдік санаттарының қатарына кіреді (толығырақ сілтеме бойынша: https://fms.kz/kk/content/azamattardyn-zhenildigi-bar-sanattary).
Сонымен қатар, Заңның 27-бабына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы жеке кәсіпкерлер МӘМС жарналарынан босатылды, сондай-ақ жұмыс берушілерге мүгедектігі бар қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар төлеудің қажеті жоқ.
Азаматтардың осы санатына барлық медициналық қызметтердің қол жетімді. Медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына «Qoldau – 24/7» мобильдік қосымшасы арқылы жүгінуді сұраймыз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ БҚО бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу