22 РЕТ ҰРЛЫҚ ЖАСАП, 118 ІРІ ҚАРА МЕН 26 ЖЫЛҚЫНЫ АЙДАП КЕТКЕН
БҚО Қаратөбе ауданы прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құру арқылы мал ұрлығын жасау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің заңдылығына тиісті қадағалау ұйымдастырылып, ол бойынша сотта мемлекеттік айыптауды аудан прокуроры Ғ. Мұхитов қолдады.

Анықталғандай, Т. есімді азамат құрған қылмыстық топ мүшелері Б. мен Д. 2015 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қараша айы аралығында Қаратөбе, Сырым аудандары аумағында 22 рет мал ұрлығын жасаған.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері барлығы 36 адамға тиесілі 118 бас ірі қара және 26 бас жылқы малын ұрлаған. Жәбірленушілерге 28 млн. теңгеден астам шығын келтірілген.
Топтың мүшелері жайылымда жүрген малдарды өздері тұратын Кіші Қоскөл ауылына айдап келіп, оларды сойып, жалған құжаттар жасау арқылы етті Орал және Ақтөбе қалаларына апарып сатып, пайда тапқан. Мысалы, 2015 жылдың қарашасында Т. атты ұйымдастырушының нұсқауымен Д. мен Б. Құрсай аумағынан С. есімді азаматқа тиесілі жалпы құны 4,2 млн. теңге бағаланатын 17 бас ірі қара малын ұрлап кеткен. 2016 жылғы 1 желтоқсанда Т.-ның бағдарлауымен топ мүшелері екі атқа мініп, Ақкөл қыстағы маңынан Қаратөбе ауылы тұрғындарына тиесілі 22 бас ірі қара малын айдап кеткен. Нәтижесінде сегіз жәбірленушіге 4 млн. теңге, яғни аса ірі мөлшерде залал келді.
Қылмыстық топтың кінәсі сотталушылардың бірінің кінәні толығымен мойындауымен, куәлар мен жәбірленушілердің жауаптарымен, алынған заттай дәлелдемелермен және қылмыстық іс материалдарымен толықтай дәлелденді. Сырым аудандық сотының 2019 жылғы 26 маусымдағы үкімімен Т., Д. және Б. ҚК-нің 262-бабының 1, 2-тармақтарымен (ұйымдасқан қылмыстық топты құру, оған басшылық жасау және оларға қатысу) және 188-бабының 4-тармағымен (ұрлық) кінәлі деп танылды. Сот Т. және Д.-ға тиісінше сегіз және жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ал Б. бес-ға жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына 28 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.
2019 жылғы 3 қыркүйектегі облыстық соттың апелляциялық сот алқасының қаулысымен үкім заңды күшінде қалдырылды.




Бауыржан Ахметжан, БҚО прокуратурасы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Кіру
Пікір үстеу