2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КАНИКУЛ КЕЗЕҢДЕРІ БЕЛГІЛЕНДІ
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылының ұзақтығы мен оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдерін айқындады. Бұл министрліктің 2020 жылғы 12 тамыз күнгі «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» бұйрығында көрсетілді.

2020-2021 оқу жылы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 1 сыныптар үшін 33 оқу аптасына, 2-11 (12) сыныптар үшін 34 оқу аптасына жалғасады.
Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері осы бұйрықта көрсетілді. 1-11 (12) сыныптар күзгі каникулда – 10 күн, қыста – 11 күн, көктемгі каникулда – 12 күн демалады.
Күзгі каникул – 2020 жылғы 5-14 қараша аралығында, қысқы каникул – 2020 жылғы 31 желтоқсан мен 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында, көктемгі каникул – 2021 жылғы 20-31 наурыз аралығында болады.
Сондай-ақ 1 сыныптар үшін 8-14 ақпан аралығында жеті күндік қосымша каникул белгіленген.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу