200-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Орал шаһарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде 200-ге жуық жас сарбаз Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқаруға салтанатты түрде ант етті. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты ант қабылдау рәсіміне ата-аналар қатыстырылған жоқ, десек те олар тіркелей эфирде салтанатты жиынды тамашалай алды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-ы бабына сәйкес Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және борышы. Әскери ант жауынгердің отанына, халқына, өзінің әскери боршына деген адалдығын білдіретін серті.
Әскери Ант қабылдау рәсіміне арналған мерекелік митингті 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник Антай Ербол Мағжанұлы құттықтау сөзбен ашты.
– Құрметті жас сарбаздар сіздер бүгін ел алдында әскери ант қабылдап отан қорғаушылардың қатарына қосылғалы тұрсыздар. Елімізді Отанымызды қорғау – әрбір азаматтың ең қасиетті борышы. Өз елін, жерін қорғап нағыз сарбаз болу оңай емес, ол үшін әрбір сарбаз өзіне қойылған жауынгерлік тапсырманы орындауға жан-жақты дайын болу керек. Ал әскери ант қабылдау дегеніміз өз Отанына, Қазақстан Республикасының халқына, және заңды түрде сайланған Президентіне ақтық демі қалғанша адал қызмет ету деген сөз. Бүгіннен бастап сіздерге жауапкершілігі мол, мағызды міндеттер жүктелгелі тұр. Мен осы бөлімнің командирі ретінде сіздерге жүктелген жауынгерлік тапсырмаларды адалда абыроймен атқаратындарыңызға толықтай сенемін, – деді бөлім командирі.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының орынбасары, полковник Павел Ситников шағын баяндамасында Батыс құрамасының құрылу тарихы мен атқаратын міндеттері хақында қысқаша айтып өтті. Әскери ант қабылдау салтанатының әрбір жауынгердің өмірінде ерекше орын алатына тоқталды. Сарбаздарды айтулы күнмен құттықтады.
Бір айдан астам уақыт ішінде бөлім басшылығы мен офицерлердің тәлім тәрбиесін, сержанттардың ерен еңбектерін бойларына сіңіріп, әскери өмірдің сыр-сипатымен таныс болған 5517 әскери бөлімінің сарбаздары белгіленген алты нүктеде жастар әскери анттың киелі мәтінін жігерлене оқыды.
Іс-шара әрі қарай жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімімен жалғасып, шара соңында жас сарбаздар «Атамекен» әнін орындады. Бұл ән Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде және Ұлттық ұланы сапында жауынгерлердің рухын оятар патриоттық ән ретінде кеңінен танымал. Бұл әнді жауынгерлер сапта, марштармен жорықтарда демалыс уақыттарында орындайды.
Қазақстанның түкпір – түкпірінен жиналған сарбаздардың ата-аналарымен туған туыстары үшін, әскери ант қабылдау рәсімі 5517 әскери бөлімінің «Instagram» парақшасынан тікелей эфирінен көрсетіліп, сарбаздардың ата-аналарының өз балаларының әскери ант қабылдау рәсімін тамашалауға толықтай жағдай жасалды.
капитан Әубәкір ЕРТУҒАН
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу