180 ЖОЛ АПАТЫ ОРЫН АЛЫП, 57 АДАМ ҚАЗА ТАПҚАН
Соңғы кездері республика бойынша, сондай-ақ өңірімізде жол-көлік оқиғалары күрт көбейді. Осыған орай бүгін БҚО Полиция департаментінде өткен брифингте БҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Манарбек Нәжиев облыс аумағындағы жол-көлік оқиғалары және олардың алдын алу бағытындағы шаралар туралы мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың сегіз айында өңірімізде 180 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның нәтижесінде 57 адам қаза тауып, 244 адам әр түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Балалардың қатысуымен 41 жол-көлік оқиғасы орын алса, 4 бала қаза тауып, 49 бала түрлі жарақат алыпты. Деректерге сүйенсек, республикалық маңызы бар автожолдарда көрсеткіш төмендеген, көбінесе жол апаттары ауылдық жолдарда орын алуда екен.
– Әр жол көлік оқиғасына талдау жүргізіп отырамыз. Соның ішінде маңызды себептеріне тоқталатын болсақ, жүргізушілердің маневр жасауы, автокөліктерін үлкен жылдамдықпен басқаруы, қиылыстарға келгенде кілт бұрылып, жол-көлік ережелерінің талаптарын орындамауы басты себеп саналады. Осындай жағдайларды көріп отырып, шара қолданбай болмайды. Осы бағытта патрульдік полиция қызметін бағыттап, жұмысты күшейту жөнінде нұсқау берген болатынбыз. Сегіз айдың ішінде маневр жасау бұзушылықтары өткен жылға қарағанда екі пайызға жоғарылап отыр. Қиылыстардан өту деңгейі 90 пайызға көбейген. Сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерімен орын алған бұзушылықтар 31 пайызға артты. Бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілуде. Есепті кезеңде арнайы мекемелерге 1100 жазбаша өкім беріліп, барлық жолдар тексеріліп отырады. Бүгінгі таңда жазбаша өкімдегі талаптарды дұрыс орындамағаны үшін 92 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Соның 14-і мекеме басшысы. Қаңтар айында 16 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 12 адам қаза тауып, 13 адам түрлі жарақат алды. Ең ірі жол апаты 15 қыркүйек күні республикалық маңызы бар автожолда болды. Тайпақ ауылында екі көлік соқтығысып, яғни ЗИЛ автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде қарсы бағытта келе жатқан жеңіл автокөлікті жібермей, нәтижесінде бес адам көз жұмды. Бүгінгі таңда осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сот медициналық, автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Алдағы уақытта қосымша тергеу қорытындысын жеткізетін боламыз, – дейді М.Нәжиев. Айта кету керек, тек қыркүйек айында облыс орталығында алты жол-көлік оқиғасы орын алып отыр, салдарынан төрт адам қаза тауып, бес адам жарақаттанған.
Брифингте журналистер тарапынан «Жәңгірхан» сауда үйінің маңында жол апаты жиі орын алатыны, осы бағытта қандай шаралар қолданылып жатқаны туралы қойылған сұраққа полиция полковнигі патрулдік полиция қызметкерлері кестеге сай жұмысқа шығатынын, қай аумақта жол көлік оқиғасы жиі орын алса, сол маңда кезекшілік жүретінін жеткізді. Ал аталған мекенжайда автопатруль бекітіліп, жұмыстар күшейтілген. Сондай-ақ сол аумақтағы жол ортасындағы қоршаулардың көліктерге кедергі екені туралы қойылған сауалға, сала мамандары керісінше қоршаулар қажетін алға тартты. Полицейлердің мәліметінше, қоршаулар алынса, жаяу жүргіншілер кез келген жерден жолды кесіп өтіп, жүргізушіге кедергі жасайды. Былтырғыға қарағанда, аталған Жәңгір хан көшесінде жол апаты азайған.
Сондай-ақ брифингте БҚО ПД Орал қ. ПБ КҚПб бастығы полиция подполковнигі Қанат Мұқанов шетел азаматтарының Қазақстанға келу, кету және ел аумағында болу ережелерін түсіндірді. Оның айтуынша, сегіз ай ішінде 14 597 шетел азаматы жауапқа тартылған. Ол көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға төмендеп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 15931 болған. Соның ішінде алыс шетелден келген 160 азамат, ал көршілес елдерден 14437 азамат жауапқа тартылған. Көбінесе мұндай азаматтар Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Грузия, Қырғызстан, Молдава, Тәжікстан, Түркіменстан және көп бөлігі Өзбекстан елдерінен келетін көрінеді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Кіру
Пікір үстеу