«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ – ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ
«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап беру үшін арнайы тікелей эфир ұйымдастырды. Партия филиалының фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты азаматтарға мемлекет және облыстық әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен партияның «Біз біргеміз!» акциясы шеңберінде толыққанды ақпарат берілді.

Тікелей эфирді 500-ден астам адам көріп, тұрғындар тарапынан 340-тан астам сұрақ жолданды. Тұрғындардың өтініштері назарға алынып, басып көпшілігіне нақты жауап берілді. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев тұрғындар тарапынан қойылған әр сауалға нақты жауаптар беріп, кейбір маңызды сұрақтарды өзінің жеке бақылауына алды.
Сұрақтардың басым бөлігі мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер, 42500 жәрдемақысы және 15000 коммуналдық төлемақы, «Біз біргеміз!» акциясы аясындағы азық-түлік және 50 мың теңге материалдық көмектері туралы болды. Жалпы «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы аясында өңірдегі 3325 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Бұл ретте өңірдің кәсіпкерлері мен мәслихат депутаттары, ерікті жастар, аудан әкімдіктері, «жасотандықтар» және партия өкілдері айрықша белсенділік танытты.
Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы Орал қаласының 5440 тұрғыны 50 мың теңгеден материалдық көмек алды.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты партияның облыстық және аумақтық филиалдары тұрғындардың арыз шағымдарын онлайн қабылдауда.
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу