8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2021 1916 0
Қоғам

14 СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков «Жайық үні-Жизнь города» газетіне «Қаламыздың даму жолында әр оралдықтың  еңбегі зор!» тақырыбында берген сұхбатында айтты. 

– Биыл қалада заманауи үлгідегі 20 спорттық және ойын алаңын салу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда оның 14-і пайдалануға берілді. Қалған алаңдардың құрылысы да жыл соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ қыркүйек айында облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебін және алдағы күндері аралас жекпе-жек академиясын ашу жоспарланған – деді Абат Шыныбеков.

Сонымен қатар қала басшысы биыл қалада жасөспірімдерге арналған ат спорты бөлімі ашылғанын атап өтті.  Бөлімде ұлттық спорттың 4 түрінен – аударыспақ, көкпар, жамбы ату, теңге ілуден оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.

Қала бойынша биылдан бастап «Аула Фит» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – қала тұрғындарына тегін тренердің көмегімен күнделікті спортпен шұғылдануына көмектесу. Жоба бүгінде бұқаралық сипат алды, тұрғындардың белсенділігі жоғары.

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
239 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
419 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»