ҰЛТ РУХЫН ЖАҢҒЫРТҚАН – «LATYN FEST»
Форум
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы таяу жылдары жүзеге асырылуы тиіс мәселелердің бірі – «Қазақ жазуын латын графикасына көшіру» бағдарламасын жүзеге асыру. Осы орайда бүгін Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «LATYN FEST» жастар форумы өтіп, өңіріміздегі бірқатар тіл жанашырлары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын иеленді.

Форумға жиналғандар алдымен Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының әртістерінің «Тілім – анам, тілім – бабам» тақырыбындағы сахналық қойылымын тамашалады. Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев: – Латын әліпбиіне көшу мәселесі, жалпы мемлекеттік тілдің дамуын, жай-күйін, алдағы көзделген мақсат-міндеттерді айқындау бағытында ұйымдастырылып отырған жастар форумына қош келдіңіздер. Бүгінгі шара Жастар жылымен Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының қабылданғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттың рухын жаңғыртуға бағытталған нақты міндеттерді қойды. Негізгі бағыт – қазақ әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру. Жалпы мемлекеттік тілді дамытудың жаңа замандағы бір тетігі түйткілді мәселелерді, қоғамның қызығушылығын туғызар жайттарды бөлісудің маңызы зор. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның ерекшеліктеріне байланысты. Әліпби реформасы жаңа ғасырдағы қазақ тілін, мемлекеттің тілдің тынысын ашып, дамуына ерекше серпіліс туғызуы тиіс. Жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмайды емес» деген Елбасының барша қазақстандықтарға зор міндет жүктейді. Латын графикасына көшу бұл жалпы елімізде экономика, халықаралық байланыс, ұлтаралық қатынас, өзге де маңызды факторларға ерекше әсер ететін құбылыс. Бүгінгі жастар форумының да мақсаты – латын әліпбиін талдау идеясын, Елбасының латын әліпбиіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшіру жөніндегі тапсырмасын насихаттау. Өйткені, латын графикасына көшу мәселесі ұлт болып қолдауды талап ететін ұлттық мәселе, – дей келіп еліміздің тарихындағы Тілдер туралы заңға биыл – 30 жыл толуына орай мемлекеттік тілдің мерейін өсіріп, қолдану аясын кеңейтіп, ұлтаралық қатынас құралына айналуына үлес қосып жүрген тіл жанашырларына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын тапсырды. Олардың қатарында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі Болат Жексенғалиев, қалалық «Жайық үні» газетінің директор-редакторы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Мира Шүйіншәлиева, БҚМУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Сәдір, ғалым, филология ғылымының кандидаты, доцент Ұлдай Ержановалар бар. Форумға арнайы келген Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тлешов, халықаралық журналист, филология ғылымдарының кандидаты, «Атырау» телеарнасының директоры, Қазақстан жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Қанат Әуесбай, саясаттанушы, журналист, суретші, қоғам белсендісі, «AmalBooks» баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай жастардың латын графикасындағы жаңа әліпбиге қатысты сауалдары мен сұраныстарына жауап беріп, жаңа әліпби мен емле-ережелерін жастарға түсіндірді.
Шара барысында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында түрлі этнос балалары мен жасөспірімдер арасында жарияланған «Өзің туралы» акциясының, сондай-ақ «Менің отбасымның тарихы» атты сырттай бақылау байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу