11 БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы екі турда өткізілді. Бірінші тур – іріктеу, екіншісі – жобаны қорғау.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-12 желтоқсан аралығында облыстық кезеңінің екінші туры – бейімдеу пәндері бойынша тестілеуге 79 оқушы қатысып, облыстың 55 оқушысы республикалық кезеңнің екінші турына өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі (жобаларды қорғау) 9 ақпаннан 12 ақпанға дейін ZOOM платформасында онлайн режимінде өткізілді, оған облыс бойынша 27 оқушы 21 жобамен қатысты.
Конкурстың қазылар алқасының шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 4 оқушы – І орын, 7 оқушы – ІІІ орын алды және 6 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарына ие болды.
Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы №41 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары Адилов Сержан мен Тұрсынова Меруерт (техника секциясы бойынша) және Орал қаласындағы №41 жаратылыстану – математика бағытындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Серік Мәдина, Тналиева Гаухар (этномәдениеттану секциясы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломымен марапатталды.
Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы №41 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары Қадырболат Ринат және Сағынғали Баянсұлу (жер және ғарыш туралы ғылымдар секциясы), Бәйтерек ауданы Новен жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Жұмаділда Нұршаттық (математика секциясы), Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Бақтығалиева Айнара (әдебиет секциясы), Шыңғырлау ауданы, Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушылары Астафьева Виктория, Лисовая Даяна (тарих секциясы ), Орал қаласы, «№42 Ақ ниет» гимназиясының 11-сынып оқушысы Қыдырниязова Айдана (өлкетану секциясы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің IІІ дәрежелі дипломдарын иеленді.
Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Батырова Айсана (информатика секциясы), Жаңақала ауданды, Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Хайырлиева Айгерім (биология секциясы), Бәйтерек ауданы, Щапов жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Чернухина Милана (қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау секциясы), облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп-интернат кешенінің 9-сынып оқушысы Есқалиева Дильназ (әдебиет секциясы), Тасқала ауданы Мереке жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының 9-сынып оқушысы Болатов Сержан (этномәдениеттану секциясы) және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Курманиязова Диляра (тіл білімі секциясы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарына ие болды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу