100 МЫҢ ТЕҢГЕНІ АЛЫП, ЖОҚ БОЛДЫ
5-6 қараша күндері Орал қаласы аумағында алаяқтық қылмыстарына тосқауыл қою және бұған дейін тіркелген алаяқтыққа қатысты қылмыстарды ашу мақсатында «Anti fraud» атты жедел алдын алу іс шарасы ұйымдастырылып, екі күнде 15 қылмыс ашылды.

Екі күндік іс шара аясында Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 2 алаяқтық фактісін ашты. Нақтырақ айтсақ, 1993 жылғы күдікті Орал қаласы «Ет комбинаты» ауданында болып, бейтаныс әйелдің сеніміне кіру арқылы терезенің жақтауларын жасап бермек ниетпен 100 мың теңгені алып, ізін жасырған. 1959 жылғы Орал қаласының тұрғыны, азаматша 100 мың теңге де, терезе жақтауының да жоқ екенін сезіп, полицияға аяқтай келіп арыз жазды. Алаяқтық фактісі бойынша мекен жайға барған тәртіп сақшылары іздестіру жүргізді. Көп кешікпей алаятыққа қатысы бар күдікті құрықталып, теріс әрекеттерін мойындады. Аталмыш іс шара аясындағы екінші факті порнографиялық мазмұндағы материалдарды бір әлеуметтік желіге заңсыз жариялаған азаматшаның ұсталуына қатысты тіркелген болатын. Бұл алаяқтық фактісіне дереу ден қойған Шаған полиция бөлімінің сақшылары жарнамаларды заңсыз таратқаны үшін 1985 жылғы азаматшаны ұстап, бөлімге жеткізді. Бүгінгі күні тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, бұған дейін әлеуметтік желілер арқылы жәйлі пәтерлерді жалға бермекші болып, тұлғалардың бірінен 20 мың, енді бірінен 21 мыңнан аса теңгені алып, алдап соққан алаяқтықққа қатысты 13 қылмыс ашылды. Бүгінгі күні Орал қ.ПБ ҚР ҚК нің 190 бабымен қылмыстық істер қозғап, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу