10 АЙ ІШІНДЕ 2765 ОТАУ ҚҰРЫЛЫП, 1196 ШАҢЫРАҚ ШАЙҚАЛДЫ
Соңғы жылдары елімізде ажырасу мәселесі өзекті болып тұр. Статистикалық мәліметтер бойынша жыл сайын құрылған әр үшінші отбасы бұзылуда. Орал қаласында да ажырасқандар өткен жылғыдан 6 пайызға көбейген. Бұл жағдай қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында мәлімделіп, отбасы рөлін арттыру жайы талқыланды. Аталмыш комиссия мүшелері, отбасы рөлін арттыру бойынша құрылған қалалық жұмыс тобы, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысқан басқосуға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов төрағалық жасады.

Биыл қала бойынша 2765 отау құрылды. Әйткенмен, 1196 шаңырақ бұзылған. 2016 жылдан бері қала әкімдігінің тапсырысы негізінде жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау жұмыстарын жүргізген «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г.Мұштанованың айтуынша, көп жағдайда ажырасудың басты мәселесі – жастардың отбасылық өмірге дайын болмауы. Отбасының бұзылуы тек тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан емес, жұмыссыздық, пайда болған отбасылық мәселелерді шеше алмау да себеп. Келіспеушілік туындаған жағдайда ерлі-зайыптылар сотқа жүгінгенді жөн санайды.
Биылдан бастап қала әкімдігінің бастамасымен ажырасу үшін талап арызбен жүгінген ерлі-зайыптыларды қайтадан жарастыру және отау құруға ниеттенген жастардың қалыптасуына ықпал ету мақсатында арнаулы кабинеттер ашылып, психологтар жұмыс жасай бастады. Қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, маусым-қараша айлары аралығында АХАТ бөлімінде 19 тренинг, №2 қалалық сотта 11 кезекшілік ұйымдастырылып, отбасы кабинетінде 82, АХАТ бөлімінде 260 адам, психолог кабинетінде 21 жұп кеңес алған. Қазіргі уақытта жобаны жүзеге асырушы «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі «Жас отбасыларға арналған жадынама» дайындауда. Бұл жадынамалар АХАТ бөлімінде өткізілген тренингтерде болашақ ерлі-зайыптыларға таратылмақ. Жоба шеңберінде некесін бұзуға арыз берген жандармен тікелей жұмыстанып жүрген психолог Альфия Науанова бірнеше мысалдар келтіріп, ерінің әйелге қысым көрсетіп, күш қолдануы азаймай тұрғанын атап айтты. Ішімдікке салыну, құмар ойындарға бейім болу да шаңырақтың шайқалуына әкелуде.
– Ер азаматтар әйелге қол көтеруді қалыпты жағдай деп түсінеді. Сөздеріне мән берсек, оның ата-анасы да бір-бірімен жиі кикілжіңге келіп, анасының таяқ жейтін кездері аз болмаған. Отбасында зорлық-зомбылық көрсетіп жүрген ер адамдардың мінездері, түсініктері осындай. Бір мәрте өтетін психологиялық кеңеспен олардың ойларын өзгерту мүмкін емес. Ал келісімдері болған жағдайда кемінде бір жылдық ем қажет, – дейді психолог.
Биыл құқық қорғау органдарында әйелдерге қатысты 765 құқықбұзушылық тіркелген. Олардың үшеуінде әйел адам қайтыс болып, қасақана адамның денсаулығына зиян келтіру бойынша 4 дерек, зорлаудың 14 жағдайы анықталыпты. Бұл оқиғалардың орын алуына да көп жағдайда отбасындағы ұрыс-керіс, нашар қарым-қатынас, ерлі-зайыптылар арасындағы қызғаныш, спирттік ішімдік себеп болып отыр. 10 айдың ішінде зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсетуге арналған дағдарыс орталығында 23 әйел мен олардың балаларына көмек көрсетілген.
– Ажырасқандар отбасын құрғандардың жартысына жетерліктей болып отыр. Бұл отбасы құндылығының құлдырап бара жатқанын көрсетеді. Бұл әрқайсымызды ойландыруы керек. Қала бойынша ауқымды жұмыстар жасалуда. Десек те, шаралардың өткізілу формасын өзгерткен жөн шығар. Отбасылық құндылықты арттыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар мардымсыз болып отыр. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген бар, ананың тәрбиесін көрмей өскен, отбасындағы тәрбиені дұрыс алмаған баладан үлгілі отағасы, ибалы отанасы шықпайды. Тал бесіктен басталатын тәрбие қыздың да, ұлдың да болашағына ықпал етеді, – деген облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Шалқыма Құрманалина құрылған жұмыс тобы, ақсақалдар және аналар кеңесі мүшелерінің қолайсыз отбасылармен мекенжайлық жұмыстар жүргізуі қажеттігін ұсынды.
«Отбасы – шағын мемлекет» десек, демек ол «үлкен» мемлекеттің тұғыры, діңі, іргетасы. Оның ұйытқысы – отағасы немесе отанасы. Сол себепті қандай жағдай болса да олар жанұяның өзіндік бейнеті мен проблемаларына төзіп, сабыр ете білуі керек. Отбасылардың ойраны арадағы бала тағдырының тәлкекке түсуіне де әсер ететіні анық. Ал бала тағдыры – ата-ана үшін ең үлкен жауапкершілік.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру
Пікір үстеу