Зинатолла зейнеткерді құттықтады
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Орал қалалық мәслихатының төрағасы Есентай Қалиев пен қалалық мәслихат депутаты Юрий Казанин еңбек ардагері Зинатолла Хамидоллаұлын үйіне іздеп барып, 80 жас мерейтойымен құттықтады.
Зинатолла Хамидоллаұлы зейнеткерлік жасқа шыққанға дейін, яғни, 2003-2012 жылдары Орал қалалық мәслихатының ревизиялық комиссиясының төрағасы қызметін атқарып, қаржы тәртібі мен қоғамдық бақылау саласында нәтижелі жұмыс жүргізді.
Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосты. Ел игілігі жолындағы табанды еңбегі мен жауапкершілігі әріптестеріарасында әрдайым жоғары бағаланды.
Ел ағасымен жылы жүздесуде естелік сыйлық табысталып, Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов пен қалалық мәслихат төрағасы Есентай Қалиевтіңатынан арнайы құттықтау хат ұсынылды. Қала басшылығы ардагердің көпжылдық еңбегіне ризашылық білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасы амандығын тіледі.
Ұзақ жылдар Орал қалалық «Жайық үні» газеті редакциясымен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, жергілікті басылымды Зинатолла Хамидоллаұлы үнемі қолдап отыратын. Біз, жақсы адамның жақсылығын әлі күнге ұмытқан жоқпыз. Сондықтан, сексеннің төріне шыққан Зинатоллаақсақалды бізде мерей тойымен шын жүрегімізден құттықтаймыз!
Ақбөбек ЖӘРДЕМ
Құрметті оқырман қауым!
Орал қалалық апталық– қоғамдық – саяси «Жайық үні» газетіне 2026 жылдың алдағы алты айына жазылуды ұмытпаңыздар?!
«Қазпошта» арқылы 6 айға – (жеке тұлға) – 3443, 70 т.
«Қазпошта» арқылы 6 айға – (заңды тұлға) – 4630, 86 т.
«Философия Уюта + (ҚазПресса) Чапаева 1/1 – (жеке тұлға) – 3400 т.
«Философия Уюта + (ҚазПресса) Чапаева 1/1 – (заңды тұлға) – 4600 т.
«Қазпоштаның» жазылу бөлімінің телефоны:51-54-56
«Философия Уюта + (ҚазПресса) телефоны: 25-00-89. 25-00-76.
Жазылу индексы: 65435; 66435
Сіздерден хат-хабар күтеміз!
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру