8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2018 3652 0
Өзек

Жылу желілері жаңаруда

14 тамыз күні БҚО әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласы  Әбілқайыр көшесі бойымен өтетін №8 жылу желісін қайта құру жұмысының жүргізілу барысын бағамдады. Мұндағы жұмыстарды «Астанаинжкомстрой» ЖШС жүргізуде.

Аталмыш жылу желісі өткен жылдары апатты жағдайда болып, қиындық туғызған еді. Сол себепті биыл бұл аумақ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңартылуда. Жылу желісінің ұзындығы 1,176 шақырым. Құны – 347 569, 24 мың теңге. Жоба 2019 жылы толықтай аяқталуы керек.

– №8 жылу магистраліне 6-шы шағын аудандағы 106 үй жылуға қосылған. Биылғы бөлінген қаржыға сай 360 метр жылу магистралін ауыстыру көзделген. Жылыту маусымы басталғанша жоспарланған жұмыстар аяқталуы тиіс, ­– дейді «Жайық жылуқуат» АҚ директоры Мұрат Бәйменов.

Жалпы биыл аталмыш бағдарлама бойынша төрт жоба жүзеге асырылуда. Мұрат Болатұлының мәлімдеуінше, төрт жобаның ұзындығы – 4,944 шақырым. Құны – 1 971 148,84 мың теңге. Оның екеуін, яғни №2 және 7 жылу желілерін «УральскВодСтрой»  АҚ жаңартуда. Жұмыстар жоспарға сай биыл қыркүйекте аяқталуы керек. Ал «Астанаинжкомстрой» ЖШС №4 және 8 жылу магистральдерін жаңартуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
93 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
289 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
277 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»