Жылдық жиынтық қаржылық есептілікті әзірлеудегі жаңа талаптар мен міндеттер
2025 жылғы 8 тамыз күні Орал қаласы әкімдігінде жылдық жиынтық (консолидированная) қаржылық есептілікті құрастыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Орал қаласының әкімі М.Байменов, Орал қалалық мәслихатының хатшысы Е.Калиев, Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссия өкілі Б.Хамидуллин, сондай-ақ қалалық әкімдік бөлімдерінің басшылары және есепшілері қатысты.
Кездесу барысында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің негізгі мақсаты – мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы туралы мүдделі тараптарды толық әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету екендігі айтылды.
Жиынтық қаржылық есептілік бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті уәкілетті органдар тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №229 бұйрығымен бекітілген «Жылдық жиынтық қаржылық есептілікті құрастыру қағидаларына» сәйкес жасалады. Аталған Қағидалардың 68-тармағына сай, мемлекеттік бюджеттің жылдық жиынтық қаржылық есептілігі республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтық есептіліктерінің негізінде Мемлекеттік қазынашылық арқылы қалыптастырылады және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 133-бабына сәйкес бекітуге жатпайды.
Сонымен қатар, Қағидалардың 69-тармағына сәйкес, мемлекеттік бюджеттің жиынтық қаржылық есептілігі активтер, міндеттемелер, таза активтер/капитал, кірістер мен шығыстар, ақша қаражаттарының қозғалысы және таза активтердегі/капиталдағы өзгерістер баптарын жолма-жол қосу арқылы жасалады.
Жиын барысында ерекше атап өтілгендей, облыс бюджетінің орындалуы жөніндегі жылдық жиынтық қаржылық есептілік – облыстық бюджет, аудандық бюджеттер және Орал қаласы бюджетінің жылдық жиынтық қаржылық есептіліктерінің негізінде қалыптастырылады.
Есепті жылдың соңындағы бухгалтерлік баланс баптарының деректері міндетті түрде түгендеу (инвентаризация) нәтижелерімен расталады. Анықталған айырмашылықтар жылдық қаржылық есептілік жасалғанға дейін түзетіледі. Дебиторлық берешек сомалары өндіріледі, ал кредиторлық берешек өтеледі. Дебиторлар мен кредиторлар арасындағы аяқталмаған есеп айырысулар салыстырылады және расталады. Сондай-ақ, есепті тұлғалардан уақтылы аванстық есептер талап етіледі, пайдаланылмаған қаражат қалдықтары қайтарылады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар тақырып аясында сұрақтар қойып, кәсіби пікір алмасты.
Осындай іс-шараларды өткізу маңызды мәселелерді уақытылы көтеруге, іс-қимылдарды үйлестіруге және мемлекеттік басқару жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.
Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру