Жылдамдықты асырма
Жылдың 7 айының қорытындысы бойынша БҚО жолдарында 164 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 56 адам қаза тауып, 203 адам жарақат алды. Бұл туралы БҚО ПД ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Мирхат Аженов мәлімдеді.
Еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында БҚО аумағында «Қауіпсіз жол» жедел – алдын алу іс-шарасы республикалық айлығы өткізілуде.
– Жедел алдын алу іс-шарасының 23 күнінде 9032 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін-119 жүргізуші анықталды. Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар мен ескертуге қарамастан,кісі өліміне әкеп соғатын жол апаты орын алуда.
Мәселен, кеше БҚО-дағы «Самара-Шымкент» тас жолында жол апаты орын алды. «Лада-Гранта» автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылған. Апат салдарынан 1973 ж. т., жүргізуші мен 2004 ж. т., жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп атап өтті БҚО ПД ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Мирхат Аженов.
БҚО Полиция департаменті жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде әрдайым қауіпсіздік белдігін тағып, жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Балаларды тасымалдау кезінде балаларды ұстайтын құрылғыға ерекше назар аудару керек. Қарапайым ережелерді сақтау жолдардағы төтенше жағдайлардың ықтималдығын азайтуға, адамдардың өмірін сақтауға көмектеседі. Айнара ИСА
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу