8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2018 5072 0
Жалын

«ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2018» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облысында 2018 жылғы «Жыл үздігі» жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Жеңімпаздарды облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтады. Марапаттау рәсімі Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өтті.

«Жыл үздігі» жастар сыйлығы байқауы он жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Дәстүрлі байқаудың мақсаты –  жастарды Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу,  жастардың елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өмірге деген белсенділігін арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету. БҚО бойынша «Болашақ» қауымдастығының директоры Салтанат Тұманбаеваның айтуынша 10 жылдың ішінде 550 жас «Жыл үздігі» атанған.

Биылғы жылы үздіктер 10 негізгі және екі арнайы аталым бойынша анықталды. Атап айтқанда, жыл басында Моңғолияның Ұлан батыр қаласында өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, қараша айында Румынияның Бухарест қаласында өткен жарыста 68 келі салмақта самбодан әлем чемпионы атанған самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Нұрбол Серіков «Үздік жыл спортшысы», «Ақжайық» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің тілшісі Назерке Тоғжан «Үздік жас тілші», «Батыс су арнасы» ЖШС-ның I дәрежелі инженері Армат Ғиззат «Үздік жас маман», Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, облысымыздағы  100 ұстаз тізіміндегі Әлімбек Айсағалиев «Үздік жас ұстаз», Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің артисі, биылғы «Мен қазақпын»  дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің халықаралық мега жобасының қатысушысы, ҚР ЖОО студенттері арасындағы республикалық пәндік олимпиадасының «Домбыра» номинациясы бойынша жүлдегері,  «Ұлы дала мұрасы» атты республикалық домбырашылар байқауының жеңімпазы Жасұлан Зинеденов «Үздік жас өнерпаз», Сырым аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігері Қасым Бисенғалиев «Үздік жас дәрігер», облыстағы зерде бұзылыстары бар балаларды қоғамдық өмірге араластыру, ардагерлерге қамқорлық көрсету бағытындағы шараларды ұйымдастырып жүрген «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерлік Шамғалиев «Үздік жас көшбасшы», ғылыми мақалалары Чехияның Прага қаласында, Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен халықаралық конференцияларда жоғары бағаланып, 2018 жылы «Қазақстан тарихы пәнінен» оқу әдістемелік құралы жарық көрген М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттің университетінің оқытушысы Дәурен Сағынғалиев «Үздік жас ғалым» аталымдарымен марапатталды. Осы оқу орнының 4 курс студенті, Қазақстан Республикасының тұңғыш  Президенті – Елбасы қорының шәкіртақы иегері, Президент шәкіртақысы иегері, республикалық пәндік олимпиаданың, халықаралық «Ломоносов – 2018» конференциясының жеңімпазы, «ZhasCAMP Almaty – 2018» республикалық конференциясының ғылыми және әлеуметтік жобалар грантының иегері Айша Кемешова «Үздік жас студент» атанды.

13 желтоқсан күні «Вишенка-1» саяжайлық учаскесінде тұрғын үйде шыққан өрттен ер адамды алып шығып өмірін сақтап қалған Асылхан Темірхановқа «Қайсарлығы мен батылдығы үшін» аталымымен марапатталды.

«Жыл жаңалығы» арнайы номинациясы «DD records» командасының мүшелері берілді. 2018 жылы командадағы дуэттің авторлық «Самая вышка» әні жарық көріп, әлеуметтік желілер мен ютуб желісінде ең көп қаралым жинаған болатын 2018 жылы дуэттің  әндері Қазақстандық музыкалық арналардың барлық хит-парадтарының көшін бастады. Биылғы жылдың өзінде Райм мен Артур республикалық Eurasian Music Awards премиясының «Жыл жаңалығы», «Жыл таңдауы – 2018» премиясының «Жылдың үздік әні» аталымдарын жеңіп алды.

Үздіктерге арнайы мүсін сыйлығы мен 100 мың теңге сыйақы берілді.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
99 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
269 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
462 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
705 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
783 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
890 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
898 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
919 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
935 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1035 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1258 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1575 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1457 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1567 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1557 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1687 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1732 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1679 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1688 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1793 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»