8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Ақпан 2019 1931 0
Өзек

ЖЫЛ БАСТАЛҒАЛЫ БҚО-ДА 54 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ

2018 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында 697 өрт болып, онда 11 адам қаза болған. Шығынның жалпы соммасы 6 млн. 614 мың 327 теңгені құраған. Биылдың өзінде 54 өрт оқиғасы орын алған. Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында өткен баспасөз мәслихатында БҚО ТЖД бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашев мәлім етті.

– 2019 жылдың өткен кезеңінде БҚО аумағында 54 өрт болып, онда 3 адам қаза болды, қазіргі кезде өлімнің себебі анықталуда. Шығын соммасы 5 млн. теңгеден асты. Өрттерде жарақаттанған адам саны – 1. Қаза болған және жарақаттанған балалар тіркелмеді, – деді Ж.Жұмашев.

Жылыту кезеңі басталғалы қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен аудандық бөлімдер қызметкерлері, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамы 27 346 тұрғын үйлерге, шаруашылық құрылыстарына аула аралау шолуын жүргізді, оларда жылыту пештерін, газ жабдықтарын және электржылытқыш құрылғыларын тиісті өртке қарсы күйге келтіру бойынша жеке үй секторының 63 527 тұрғынына түсіндірме жұмысы жүргізілді, 127 мың жаднама мен ұсыныс таратылды. Халықтың 2373 адамын қамтыған 301 жиын өткізілді.

 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
42 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
252 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
590 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
307 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»