8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қазан 2018 3308 0
Қоғам

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК – 2018» – ТУҒАН ЖЕРІН БАҒАЛАҒАН, ТАЛ-ТЕРЕГІН АЯЛАҒАН…

Жомарттықты жолдас, мәрттікті жанына серік ете білген азаматтар қоғамда аз емес. «Жылдың әлеуметтік жауапты ұйымы», «Жүректен жүрекке», «Туған өлке», «Алтын ұя», «Батыл жүрек», «Жыл меценаты». Бұл – туған өлкенің дамуына үлес қосып, ізгілікті істен  қалыс қалмай, қолында бар мүмкіндікпен бөлісіп жүрген жандарға берілген баға. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірімізде екінші мәрте ұйымдастырылған меценаттар форумында оларға құрмет көрсетіліп, «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды.


Салтанат  сарайында өткен марапаттау шарасы «Туған жер» бағдарламасы аясында Орал қаласы мен аудандарда меценаттардың және мектеп түлектерінің демеушілігімен жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар көрмесінен бастау алды. Әр аудан-ауылда ауыз толтырып айтарлықтай игі істер жетерлік. Мәселен, Зеленов ауданында меценаттар мен мектеп түлектері 13 400 мың теңгеге 7 жобаны іске асырған. Жәнібек ауданы бойынша 23 млн. 543 мың теңгеге 20 жоба аяқталған. Аудан тұрғындары бірігіп, сол жерде дүниеге келген ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қарашқа кесене тұрғызса, 1998 жылғы мектеп түлектері Кеңес Одағының батыры Е.Ниетқалиевке кеуде мүсін орнатқан. Жақсыбай ауылы тұрғындары Жақсыбай мен Еңбек ауылдары аралығындағы жол құрылысын жүргізген.  Қаратөбеде ел игілігі үшін 30 236 мың теңгелік 32 жоба жасалған. «Досжан» шаруа қожалығының жетекшісі Досжан Ізім ауылдық клубқа күрделі жөндеу жүргізіп, Айбек Өтеғалиев есімді кәсіпкер Сулыкөл ауылына спорт алаңын сыйлапты. Жомарттық танытып, туған жерді гүлдендіруде көпшілікке үлгі болып жүрген Қазталов ауданында биыл 37 жоба жүзеге асырылған. Оған меценаттар мен мектеп түлектері 65 500 мың теңге жұмсаған. Орал қаласында 121 831 мың теңгеге 4 жоба аяқталыпты. Жалпы «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында биыл облыс аумағында 134 меценаттың қатысуымен 166 жоба мен түрлі деңгейде шара өткізілген. Оның 138-і ауылдық округтерде, 20 жоба аудандық деңгейде, сегізі облыс орталығында жүзеге асқан. Осы жобалардың басы-қасынан табылып, «Елімнің маған емес, менің еліме берерім көп болуы тиіс» деген ұстанымдағы атамекеннің абыройын асқақтатып жүрген кең жүректі жомарт жандарға  облыс әкімі Алтай Көлгінов шынайы алғысын білдірді.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап өтті. Ел тарихы тұлғалар арқылы жасалынатынын ескерсек, Ақ Жайық өңірінде көптің алғысына бөленіп жүрген жандар жеткілікті. Ағайынға болысу, әлсізді демеу, жасы кішіні қолдау – азаматқа тән мейірімділік пен кеңдіктің көрінісі. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы алты принципке негізделіп, алты арнайы жоба, алты кіші бағдарлама арқылы жүзеге асырылуда. Аз ғана уақыттың ішінде қыруар жұмыс атқарылды. Ең бастысы, туған өлкесін дамытуға белсене кіріскен жандардың қатары көбеюде. Облыс бойынша 60 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Әсіресе өңір меценаттары спорт, денсаулық, білім салаларына көбірек көңіл аударып келеді. Әр елдімекенде спорт кешенін, балалардың ойын алаңдарын салу, мектептердің арнайы кабинеттері мен материалдық-техникалық базасын жаңарту, аудандық музейлерді толықтыру, жөндеу жұмыстарын жүргізу, ескерткіштер орнату секілді шаралар атқарылуда, – деді Алтай Сейдірұлы.

Өңірдің белді бизнесмендері өлкені көркейту мен инфрақұрылымын жақсарту жобаларын жүзеге асырса, жастар да ұйымдастырушылық қабілеттерімен ізгі амалдардың жаршысы бола білген. Бұған республикалық қорлардың да көмегі тиюде. «Самұрық Қазына Траст» компаниясының әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өңірімізде инфрақұрылым жүйесін дамытуда, әлеуметтік нысандарды жаңғыртуда. Олар 12 спорттық және ойын алаңдарын салып, 3 коррекциялық мектеп пен 20 жалпы білім беретін мектептерді спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсе, «Асыл мирас» қайырымдылық қоры аутизм дертімен сырқаттанған балаларды қоғамға бейімдеуге қолдау көрсетіп, орталық ашуға ұйытқы болды. Шара барысында белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева жастардың шынығуына, медициналық және психологиялық көмек алуына қолдау көрсеткен астаналық меценаттарға ерекше рахметін айтты. Өңіріміз үшін игілікті істерді жасаған «Самұрық-Қазына Траст» басшысы Ахметжан Есімов «Әлеуметтік салаға қосқан үлесі үшін» аталымымен, «Асыл мирас» қорының құрылтайшысы Болат Өтемұратов «Жүректен жүрекке» аталымымен марапатталды.

 

 

Бірқатар әлеуметтік нысандарды жүзеге асырып, соның ішінде киелі нысандардың бірі саналатын «Жайық қалашығының» кіреберісін салуға үлес қосқан «Құрылыс Тайм Контракт» ЖШС директоры Сержан Айтжан мен «Отдельстрой» ЖШС директоры Валентина Михно, Орал қаласының көркеюі үшін өз қаражатына тынымбақ салып берген «Батыс Пауэр» ЖШС директоры Жасұлан Жақыпов және БҚО ҚХА этно-мәдени орталықтары «Туған өлке» аталымы бойынша марапатқа ие болды. Әлеуметтік саланың дамуына қаржы бөліп, жалғызбасты аналарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және балалар үйлеріне қолдау көрсетіп жүрген «Конденсат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Валерий Жүнісов «Алтын ұя»,  маңызды қайырымдылық шаралардың бас демеушісі боп жүрген «UNISERV» ЖШС-ның бас директоры Нұрғазы Сәтбаев «Жылдың әлеуметтік жауапты ұйымы» аталымымен марапатталды. Ауылдарына фельдшерлік акушерлік пункт салып берген Қазталов ауданы Әжібай ауылының тумасы ағайынды Срәлиевтер  – «Жыл азаматы» аталымын иеленді. Ал ағымдағы жылдың 5 мамырында суға батып бара жатқан 3 жасар сәбиді құтқарған Қазталов ауданы Қошанкөл ауылы Ғ.Бегалиев орта мекебінің 7-сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатов «Батыл жүрек» аталымымен марапатталды. Орал қаласында сал ауруына шалдыққан, соның ішінде ерекше көмекті қажет ететін жандарға арналған сауықтыру, бейімдеу үйінің құрылысына қаржылай көмек көрсеткен бір топ облыс кәсіпкерлері «Жылдың қайырымды адамы» номинациясын иеленді. Ал «Автокомбинат» ЖШС директоры Валерий Голоухов «Жыл меценаты» атанды.

Валерий Голоуховтың облысымыздың өркендеуіне қосқан үлесі зор. Меценат жыл сайын әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіп келеді. Ал «Туған жер» жобасы аясында биыл Еуразия көшесі бойынан өз қаражатына workout және балалар ойын алаңымен тынымбақ салып, «Қала күні» мерекесінде шаһар тұрғындарына сый жасаған болатын. Сондай-ақ Теректі ауданында «Тақсай ханшайымы» мавзолейінің құрылысына айрықша үлес қосты.

Қолында барын халықтың игілігіне, қайырымдылыққа жұмсап, көмегін аямаған жаны жайсаң жандарға атқарушы биліктің айтар алғысы шексіз. Олар қандай қошеметке де лайық. Игі ісімен көпке үлгі меценаттарды құттықтау рәсімінде жергілікті өнерпаздар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Айгүл Иманбаева, жерлесіміз, әнші-тележүргізуші Қазбек Қасым әсем әндерін тарту етті.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
301 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
405 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
648 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
915 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1141 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1180 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1333 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1525 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1755 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1844 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1957 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1961 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1995 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1995 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2102 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2322 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»