Жолды күтіп-ұстау жұмыстары бақылауда
Батыс Қазақстан облысындағы маңызға ие жолдардың 120 шақырымында қысқы маусымда күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіледі. Әзірге ауа-райы қолайлы болғандықтан жолдар аса қатты күтімді қажет етпейді. Дегенмен сала мамандары қысқы маусым басталғанда бақылау жұмыстарына дайын көрінеді.
Биыл облыс жолдарын жаңғырту жұмыстарына 23 млрд. теңге қаражат бөлінген. Жөнделуі тиіс жолдардағы 207 шақырымда асфальт төселген. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» БҚФ директоры Зауырбек Қыпшақбаев жолдағы жөндеу жұмыстарының маусымдық аяқталуына орай тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталғанын атап өтті. Басым көпшілігі аудандық жолдарда болып отыр. Оларда республикалық сапаға сәйкес 17 сынамада кемшіліктер тіркелген. Көпшілгі сапасыз битумды жол құрылысына пайдаланудан болыпты. Ақаулардың әлі күнге дейін қалыпқа келтірілмеуі себепті мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасына арнайы хат жолданып, екі заңды тұлғаға 500 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Облыстағы жолдар бойында көктайғақ пен түрлі қауіпті жағдайлардың алдын-алу үшін 5000 тонна құм, 500 тонна тұз бен 2000 тонна арнайы қоспа дайын тұр. Бұдан бөлек қажет жағдайда қосымша осы инертті материладар жол бойына себлетін болады. Бұл шараларды орындаушы мердігер мекеме ТЖД мен ПД және де өзге мемлекеттік мекемелермен келіссөздер жүргізген. Қажетті техникалар дайындалыпты.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу