ЖОЛДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ – ҚОҒАМ БАҚЫЛАУЫНДА
11 наурыз күні «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қоғам өкілдерімен бірлесіп «Атырау-Орал» және «Чапай-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы» бағыттары бойынша тасжолдың тазалануына мониторинг жүргізді.

Мониторинг кезінде «Атырау-Орал» автожолының 189-492 км (ЖПУ-40) аралығы және «Чапай-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы» автожолының 0-213 км (ЖПУ-40, ЖПУ-41) аралығы назарға алынды. Аталған бағыттағы тас жолдар бойынша қардан тазалау және тайғақтықты жоюды қамтитын қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені тиісті деңгейде жүргізілмегендігі анықталды.
Сонымен қатар жол белгілеріндегі қарлы-мұздық шөгінділері және қисық-сызықты бағаналары күпсек қардан тазартылмаған. Көктайғаққа қарсы инертті материалдар шашылмаған.
Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында анықталған олқылықтарды жою бойынша құзырлы мекемелерге ұсыныстар жолданды.
Айта кетейік, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасының міндеттерінің бірі – белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу