8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Ақпан 2020 1529 0
Қалалықтар қаперіне

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін қала әкімдігінде жолдағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған жобалар таныстырылды. Шараға қатысқан қоғамдық кеңес өкілдері, белсенді қала тұрғындары, жобалаушылар, әкімшілік полиция қызметкерлері мен тасымалдаушылар жоспарланған жобаларға қатысты ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

Қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоғжанов таныстырып өткендей, биыл 40 жаяу жүргіншілер жолына шақыру батырмасы бар бағдаршам қойылмақ. Қазіргі уақытта Орал қаласында 387 жаяу жүргіншілер өтпесі бар. Жаңа бағдаршамдарды қою орындары алдын ала жобаланған, дегенмен қосымша ұсыныстар зерделенген соң, нақты орындары айқындалатын болады. Әзірге мұндай бағдаршам Н.Назарбаев даңғылы  бойында М.Өтемісов атындағы аялдама тұсында және Юбилейный аялдамасы маңында бар.

Екіншіден, қала көшелеріне 5 жаңа бағдаршам нысанын қою жоспарланып отыр. Әкімшілік полиция басқармасының ұсынысымен бұл бағдаршамдар Орал-Тасқала жолының Айтқұлов, Бурсиловский, Қабанбай батыр, Қонаев және Деркөл жолымен қиылысына қойылады. Сондай-ақ жеті бағдаршам нысанына қосымша секциялар орнатылады.

Аса қауіпті саналатын 50 жаяу жүргіншілер өтпесіне жасанды кедір-бұдырлы жол қойылмақ. Қазіргі уақытта бұл жабдықты алу үшін байқау жарияланған. Жарық шамдарымен қамту, жарықтанған жол белгілерін де қою көзделіп отыр.  50 орынға жарыққа шағыласатын жол элементтері орнатылады.  200 жаяу жүргіншілер өтпесі термопластпен белгіленеді, ал алты жаяу жүргіншілер өтпесіне биіктеу жаяу жүргіншелер өтпесін орнату жоспарлануда.

Сондай-ақ жерүсті өткелін салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалады. Қала әкімі орынбасарының сөзінше, магистралды көшелер саналатын, көлік қозғалысы аса көп С.Датов көшесіндегі «Алтындар» супермаркетінің тұсына және М.Шолохов көшесі бойындағы «Алтын алма» базары тұсына жерүсті өткелі қойылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар екі аумаққа қисықбілеулі қоршау қойылады. Бұдан бөлек қала тұрғынарының қауіпсіздігі үшін 4 маңызды көшедегі жол ортасына  қоршау салынады. Деркөл бағытындағы автокөлік өткелі мен «Құс фабрикасы» ауданындағы автожол толықтай жарықтандырылмақ. Блогерлердің ұсынысы бойынша кең жолақты жолдардың бойындағы жаяу жүргіншілер өтпесі мен қиылыстардағы үшбұрыштарда қауіпсіздік алаңдары  ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қоғамдық көліктерді жаңарту, бейнебақылау жүйесін орнату және қалалық маршруттарды оңтайландыру көзделіп отыр.

Жалпы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл 39 тараудан тұратын іс-шаралар жоспарланған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
138 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
173 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
421 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
903 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1281 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1169 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1639 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2257 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2421 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2429 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2481 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2484 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2084 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2963 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3016 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3010 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3625 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3592 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3583 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3558 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3719 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»