8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Ақпан 2020 1191 0
Қоғам

ЖЕРГІЛІКТІ ЖОЛДАР САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

          Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстық қоғамдық кеңес мүшелері алдында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жасалған жұмыстар жөнінде есеп берді. Облыстық мәслихаттың мәжіліс залында өткен облыстық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысына облыстық   департаменттер мен басқарма басшылары, Орал қалалық және аудандық мәслихат хатшылары, облыста тіркелген саяси партиялардың,  үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен  өкілдері қатысты.

 

–  Биылғы 24 қаңтарда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет отырысында БҚО-ның 2019 жылдың қорытындысы бойынша 7 негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өзге өңірлерден алда келе жатқаны атап көрсетілген болатын. Олар құрылыс жұмыстарындағы атқарылған көлем 25,3%-ға, негізгі капиталға құйылған инвестиция 24,5%-ға,  тұрғын үйді салып, пайдалануға беруде 12,2%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 8,9%-ға, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінде 6,4%-ға, көлік қызметі саласында 5,0%-ға, ішкі саудада (көтерме және бөлшек)  0,4%-ға өсім бар.  Жер беру кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында аукциондар электронды түрде жүргізілуде, өткен жылы облыста 71 га. жерді жалға беру бойынша 45 электронды аукцион өткізіліп, бюджетке 100 млн. теңге қаражат түсті. Өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 169,5 млрд. теңгені құрап, өсу қарқыны бойынша республикада бірінші орында. Бұл көрсеткішке қол жеткізу мал шаруашылығы өнімі – 2,6 %, ал өсімдік шаруашылығы 13,5% өсуі арқасында мүмкін болды. Жалпы былтырғы жылы облысымыздың ауыл шаруашылығын дамытуға бюджеттен 15,8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2018 жылдан 40%-ға көп. Облысымыз етті бағыттағы ірі қара малы басы бойынша республика бойынша екінші орында. Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі екі есеге артып 16 млрд. теңге құрады. Мысалға, Қазталов және Тасқала аудандарында бордақылау алаңдары іске қосылды. Жол мен көлік 2018 жылы Қазақстанның Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Казталов, Жәнібек және Бөкейордасы аудандарына асфальт-бетонды жабыны бар жол салу тапсырған болатын.  Бұл облыстың ең алыс жатқан оңтүстік аудандары. Жаңа жолдардың жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайды, бұған шамамен 55 млрд. теңге бөлінеді.  Өткен жылы 18,4 шақырым жөнделді. Жұмыстардың аяқталуы басынан жоспарланғандай, 2021 жылдың аяғына көзделіп отыр. Нәтижесінде облыстың барлық аудандары облыс орталығымен асфальтты жолдармен жалғанатын болады, – деген өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы өңірдің үлкен мәселелерінің бірі – жергілікті жолдар сапасы екенін атап өтті.  Өңір басшысының баяндауынша, бұдан басқа, «Самара-Шымкент» республикалық автожолының  150 шақырымы жөндеумен қамтылған.  11,2 млрд. теңгеге 145 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жол жөнделсе, 2,8 млрд. теңгеге 15,4 шақырым ауылішілік жол қалпына келтірілген. Орал қаласында 37 көшедегі автожол жөнделген. Жалпы өңір бойынша былтыр 27,4 млрд. теңгеге 368 шақырым жолдар жөнделіпті. Орал қаласында «Нефтебаза» ауданындағы көпірдің реконструкциясы жасалуда. Кіреберістерін қосқанда көпірдің ұзындығы – бір шақырым жуық. Жобаның жалпы құны – 5,2 млрд. теңге. Сондай-ақ, «Орал» халықаралық әуежайы терминалының құрылысы басталды. Алдағы уақытта бұл мүлдем жаңа терминал болады деп күтілуде. Биыл да бюджеттің 54%-ы, яғни 132 млрд. теңге әлеуметтік салаға бағытталуда. Осы жылы бес мектеп құрылысы басталмақ. Олар Қазталов ауданының Сарықұдық ауылында 60 орындық мектеп, А.Оразбаева атындағы 600 орындық мектеп, Орал қаласында 300 орындық №33 мектеп) және екі жеке мектеп. Елбасының бес әлеуметтік бастамаларын орындауда студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мақсатында жеке инвесторлар есебінен 2019 жылы медициналық колледждарға екі жатақхана салына бастаса, осы жылы тағы да екі жатақхана құрылысы жүргізілмек. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласында 900 орындық концерт залы бар Мәдениет Сарайының құрылысы басталды. Қазіргі таңда өңірдің құнды әдеби-мәдени мұрасын сақтау мақсатында өлкетану әдебиетінің 520 ерекше туындысы цифрлік форматқа көшірілді.  Өңіріміздің жаңашылдықтарының бірі – комьюнити-орталықтарының ашылуы. Бүгінгі танда осындай үш орталық Орал қаласында және  Жәнібек, Бөкейордасы аудандарында ашылды. Облыс бойынша 50 спорттық алаң пайдалануға берілген.

Бұдан соң жиынның күн тәртібіне сай, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар облыстық мәслихат депутаттарының былтырғы жылы атқарған жұмыстарын саралады.  Өткен жылы мәслихаттың 11 сессиясы өтіп, тұрақты комиссиялардың 25 отырысында 110 мәселе қаралған. Есепті кезеңде   облыстық мәслихаттың  63 шешімі қабылданыпты. Тұрақты мәслихаттың  комиссиялары, оның  құрамындағы депутаттардың   белсенділіктері  жоғары болған.    Өткен жылдары облыс депутаттары   қала, аудан орталықтарында  өз қаражаты есептерінен  әлеуметтік нысандар салса,  былтыр  әр түрлі қайырымдылық айларында көрсетілген көмектен бөлек  өз тараптарынан, жыл сайын   әр  түрлі  қайырымдылық  акцияларына  қатысып, көмекке мұқтаж жандарға    тұрақты  демеушілік  етіп отырды. Мәселен, облыстық мәслихат депутаттары  Н.Сәтпаев – 3 млн. 969 мың, А.Амирханян  – 2 миллион 500 мың, Л. Тұрсынова – 637 500,  Т. Шектебаев –  500  мың, И.Енютин  – 500 мың, А.Мерғалиев  – 650 мыңның материалдық көмегін көрсетіпті.  Жыл бойы депутаттар 250 қоғамдық қабылдау жүргізіп, 698 адамның өтінішін тыңдаған.

Жиында сондай-ақ облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов кеңестің  атқарған қызметтері туралы мәлімдеді. Бүгінде қоғамдық кеңестің қайта қалыптасқан құрамында 31 адам бар. Қоғамдық кеңес және оның төралқасы қоғамымызды толғандыратын мәселелерге дер кезінде көңіл бөліп, уақытында отырыстарында талқылап отырған. Есепті кезең ішінде қоғамдық кеңестің жеті кеңейтілген, 17 төралқа отырысы өткен. Қоғамдық кеңес мүшелері 134 қабылдау өткізсе, Орал қалалық және аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің қабылдауында 77 тұрғын болған.

Кеңес мүшелері облыс әкімінің, мәслихат хатшысының және қоғамдық кеңестің төрағасының есептерін оң бағалап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында тиісті қарар қабылданды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
135 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
171 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
418 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
900 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1278 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1167 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1636 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2253 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2418 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2425 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2476 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2481 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2082 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2960 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3013 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3007 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3622 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3589 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3580 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3716 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»