8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қаңтар 2019 1722 0
Қоғам

ЖЕЛАЕВТА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ КӨП

Бүгін Желаев селолық округінің әкімі Тимур Ашығалиев ауыл тұрғындары алдында өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Есептік кездесуге Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, қала әкімінің орынбасарлары мен депутаттар қатысты. Кездесу барысында бұқара халық атқарылған іс-шараларға көңілдері толатынын жеткізіп, келешекте әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстардың жалғаса береріне сенім білдірді.

Желаев селолық округі Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Округте 10 түрлі ұлт өкілдерінен құралған 2334 адам тұрады. Олардың 273-і зейнеткер, 103-і студент, 436-сы мектеп оқушысы. Округ аумағы – 103,02 га көлемді құрайды. Аулалар саны – 534, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылығы барлары – 54.
Селолық округ әкімі Тимур Ашығалиевтың айтуынша, білім беру саласында 25 орындық мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған шағын орталық бар, 360 орындық №14 жалпы орта білім беретін мектеп қызмет жасайды. Биыл қалалық білім беру бөлімінің келісімімен мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған шағын орталығында 25 орындық екінші топ ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда шағын орталық толықтай жаңа жиһаз құрал-жабдықтармен жабдықталған. Былтырғы оқу жылында мектеп түлегі Ғ.Серікқалиев тұңғыш рет «Алтын белгі» иегері атанып, Алматы қаласындағы халықаралық университетке оқуға түскен. Сонымен қатар балалар үшін түрлі бағыттағы 72 үйірменің жұмысын ұйымдастырып отырған «Мектептен тыс жұмыс орталығы» бар. Ауысымына 35 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар дәрігерлік амбулатория қажетті жабдықтармен толық жабдықталған. Жолаушы тасымалдау қызметін №14 және №38 автобус бағыты бойынша «ПАП №1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қамтамасыз етеді. Автобус қозғалысын соңғы аялдамаларда диспетчерлер қадағалайды. №14 маршруты бойынша 1 ПАЗ автобусы және 3 шағын автобус, ал №38 маршруты бойынша 4 шағын автобус жолаушы тасымалын қамтамасыз етеді.
Тұрғындардың автобустардың қозғалысы кестесінің бұзылуы бойынша арыздары мен ескертпелері болған жағдайда, бұзудың нақты дерегін және автобус нөмірін көрсете отырып, жергілікті әкімдікке, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөліміне немесе жолаушы тасымалдау кәсіпорынына хабарланады. Округ аумағында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында қызмет ететін екі кітапхана бар. Біреуі, №10 М.Горький атындағы қалалық кітапхана филиалы мен екіншісі №14 орта мектеп жанындағы мектеп кітапханасы. Кітапханаларда мемлекеттік мерекелердің құрметіне кітап көрмесі, жеке ақындар шығармаларының оқу байқаулары басқа да түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Округ аумағында шағын және орта бизнес саласында 11 дүкен, бір шаштараз жұмыс жасауда. Өткен жылы Агрегатный және Трудовая, Железнодорожная көшелеріне 2880 мың. теңгеге қиыршық тастар төселген. Кленовая, Железнодорожная, Агрегатная көшелеріне 3557 мың. теңгеге жаяу жүргіншілер жолы салынған. Ауылды абаттандыру мақсатында қатты тұрмыстық заттарды шығару үшін «Еңбек-Орал» кәсіпорнынан 1 274 мың. теңгеге 26 дана қоқыс жәшігі сатып алынған. Шоссейная, Чкалова көшелеріне 5 қоқыс жәшігі орнатылған. Курганная және Агрегатная көшелерінің қиылысына автобус аялдамасы қондырылса, жеке кәсіпкер М.Қабышевтың демеушілігімен мектептің алдына аялдама бекеті салынған. «Жайық жарығы» ЖШС округ аумағындағы 44 көше жарығын электр қуатын үнемдейтін жарықшамға ауыстырған. Бұл мақсатқа 2 513 мың қаражат бағытталған. Қысқы уақытта автобустардың және басқа да автокөліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету және көктемгі су басудың алдын алу мақсатында былтыр округ аумағынан 1500 текше метр қар шығарылса, көктем кезінде 1000 текше метр еріген қар суы сорылыпты.
Округ аумағында учаскелік полиция инспекторларымен бірге тұрғындар арасында қоғамда құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидасын, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.
«Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін тұрғындар көп жүретін орындарға 10 бейнебақылау камерасы орнатылған. Аталмыш бақылау камералары арқылы 37 құқықбұзушылық анықталып, бір қылмыс ашылған. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында №14 мектеп маңына 17, мектептен тыс жұмыс орталығы айналасына 4 бейнебақылау камерасы қондырылған.

Алдағы уақытта мемлекет қоржынынан бөлінген қаражатқа селолық округтегі Көпбергенов көшесіне қиыршықтас төсеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолын салу, көше жарықшамдарын ауыстыру жұмыстары жалғасады.
Кездесу барысында тұрғындар әкімнің ел игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарын оң бағалап, қанағаттанарлық деген баға берді. Шаһар басшысы Мұрат Мұқаев 2018 жылы қалада атқарылған негізгі жұмыстарға қысқаша тоқталып, биыл да Елбасы тапсырмасына сай ауқымды жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылатынын жеткізді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

СҰРАҚ:
Лида ҚҰРМАНҒАЗИЕВА, зейнеткер:
– Ауыл ішінің жолдарын қардан тазалау жұмыстары нашар жүргізіледі. Мәселен, Агрегатный көшесінің қары аршылмайды.

Жауап: Соңғы уақыттар қар қалың жауып, техникалар қарды уақытылы шығаруға үлгермей жатыр. Міндетті түрде Агрегатный көшесі қардан тазартылады.

Зәкіржан Мырзаболатов, ауыл тұрғыны:

– Ауыл тұрғындарының көбісі мал ұстайды. Мал азығын Желаев элеваторынан астық қалдықтарын өндірушіден тікелей өз бағасына алу үшін арнайы пункт ашылса. Өйткені қазіргі таңда алыпсатарлар арқылы 15 келі жемді 850-900 теңгеден сатып алып жүрміз. Және оның 15 келі тартатынына күмәніміз бар. 1 тонна мал азығы 41 мың теңге тұрады. Ауылға жеткізуіне 5000 теңге сұрайды.

Жауап:
– Бұл мәселені шешуге болады. Ұсынысыңызды қарап, оңтайлы шешім шығаруға тырысамыз.

Арман НҰРҒАЗИЕВ, ауыл тұрғыны:
– 13 жыл болды бармаған жерім жоқ, пәтер ала алмай жүрмін. Тіптен, пәтер кезегіне «жасыңыз 29-дан асып кетті, еш санатқа жатпайсыз» деп құжаттарымды қабылдамайды. Қазір пәтер жалдап жүрмін. Жыл сайын осы мәселені көтеріп келем, кеңес берсеңіздер.

Жауап:
– Бұл мәселе бойынша жеке қабылдап, істің мән-жайын анықтайтын боламын. Нақты кеңестер беріледі.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
88 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
304 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
792 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1168 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1092 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1529 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2144 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2318 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2368 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2371 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2009 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2853 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2906 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2903 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3511 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3482 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3470 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3449 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3610 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3656 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»