8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2024 3075 0
Қалалықтар қаперіне

Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде

Ағымдағы жылдың 10 – 20 мамыр аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының І кезеңі өтуде.


Негізгі бағыттар ол – қоғамдық тәртіпті
бұзу фактілерінің алдын алу, соның ішінде бұзақылық, вандализм, мүліктің бүлінуі және тағы да басқа азаматтардың тыныштығын бұзатын іс-әрекеттер, қоғамда ұсақ құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету.

Іс-шараның бес күнінің қорытындысы бойынша облыс аумағында кезекші тәулікте 48 қылмыс ашылды. Тыйым салынған заттарды алып жүргені және сақтағаны үшін 45 азамат ұсталып, заңсыз сақтаған 1 атыс қару, 3 есірткі және 41 үшкір-кескіш зат тәркіленді. Сондай-ақ Атырау облысы Полиция департаментінде іздеуде жүрген заңсыз есірткі заттарды ірі көлемде дайындап өндеп сатқаны үшін бір қылмыскер ұсталды.

Қабылдау-тарату орнына 42 тұрақты мекен жайлары жоқ тұлға орналастырылды, қоғамдық орындардан уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына 197 азамат жеткізілді, 6 кәмелетке толмаған жасөспірім бейімдеу орталығына  орналастырылды.

Іс-шара кезінде 2000нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың алды алынды, оның ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 236 құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК 434-б.), алкоголдік ішімдік ішкені үшін 258 (ӘҚБтК 440-б.) және көлік құралын масаң күйінде басқарғаны үшін 33 (ӘҚБтК 608-б.) жүргізуші ұсталды.

Жасөспірімдерді түнгі мезгілде көңіл көтеру орындарында немесе тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болмауынсұраймыз.

Жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген орындардан өтіп және жүргізушілер Сізді көріп жол бергеніне көз жеткізген, сондай-ақ ұялы телефондарға алаңдамауға абзал.

Ата-аналардан балаларына электр самокаттармен жолда басқармау туралы тусіндіруді сұраймыз.

Қарапайым ережелерді сақтау адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал етеді.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс нысандары бақылауда
17 Тамыз 2026
22 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
16 Тамыз 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жылыту маусымына дайындық күшейтілді
15 Тамыз 2026
121 0
Өңір жаңалықтары
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
14 Тамыз 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Шекара сақшылары қызметке кірісті
14 Тамыз 2026
142 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Атом реакторларының қауіпсіздігі қалай тексеріледі? Ұлттық ядролық орталық өкілімен сұхбат
14 Тамыз 2026
153 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
14 Тамыз 2026
154 0
Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!
14 Тамыз 2026
71 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Институт ядерной физики — научно-технологическая опора атомной энергетики Казахстана
13 Тамыз 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Белсенді жастар – қала дамуының қозғаушы күші
13 Тамыз 2026
194 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»