8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Мамыр 2019 2022 0
Қоғам

ЖЕҢІСТІҢ 74-ІНШІ КӨКТЕМІН ҰОС-НЫҢ 62 АРДАГЕРІ ҚАРСЫ АЛДЫ

         Бүгін,  9 мамыр күні оралдықтар Ұлы Жеңістің 74 жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Отан үшін от кешіп жанқиярлықпен қаза тапқан батырларды еске алу шаралары Н.Назарбаев даңғылынан Жеңіс алаңына дейін «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» шеруімен бастау алды. Жеңістің 74-ші көктемін ҰОС-ның 62 ардагері қарсы алды. Олар үшін  1945 жылдың 9 мамыры ең қастерлі де қасиетті күн саналады. Дәл осы күні бес жылға созылған соғыстың соңғы нүктесі қойылып, Жеңіс жалауы желбіреген болатын. Бұл күні қалалықтар бауырластар зиратына, қазақтың қаһарман қызы М.Мәметова, Кеңес Одағының маршалы Г.Жуков, Кеңес Одағының батыры Т.Масин ескерткіштері мен «Ол күндер мәңгі өшпейді» монументіне гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына тағзым етті. 

       

Жеңіс алаңында өткен салтанатты жиынға облыс және қала басшылығы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және қала тұрғындары қатысып, қан майданнан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан соң өңір басшысы Алтай Көлгінов жиналғандарды мерекемен құттықтады.

– Бүгін Ұлы Жеңістің 74-інші жылын атап өтудеміз. Бұл мейрамды ардақты ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлері бізбен бірге қарсы алуда. Бейбіт күніміздің қадірін олардан артық кім біледі. Бұл мейрамның қадір-қасиетін келешек ұрпаққа аманат ету – біздің парызымыз. Өйткені, Ұлы Жеңіс ата-бабаларымыздың ерен ерлігі мен есіл еңбегінің арқасында келді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Екінші дүниежүзілік соғыс туралы біздің және бүкіл ТМД халықтарының Ұлы Отан соғысында жеңіп шығуы үшін қандай ұлы құрбандықтарға барғаны әрбір жаңа буынды тәрбиелеудің тақырыбы болуы керек» деп атап көрсетті. Тәуелсіздік жылдарында қол жеткен жетістіктердің барлығы Ұлы Жеңістің жемісті жалғасы. 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына Ақ Жайық өңірінен 80 мыңға жуық азамат аттанды. Қан майданда ерліктің ғажап үлгілерін көрсеткен олардың жартысы ғана елге оралды. Батысқазақстандық 43 азамат Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Алты жерлесіміз Даңқ орденінің толық ковалері атанды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін деп еңбек етті. Ақ Жайық тұрғындары да майдан шебіне жылы киімдері мен азық-түлік, қару-жарақ жіберді. Біздің өңірімізде күндіз-түні жеті әскери госпиталь жұмыс істеді. Сұрапыл жылдарда елге адал қызмет етудің үлгісін көрсеткен аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігі қашан да ел есінде. Аға буынның ардақты ісін кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырады деген нық сенім бар. Осы тұрғыда Жеңістің қадір-қасиеті күннен-күнге артып, мазмұны тереңдей түспек. Еліміздің ұйытқысы әрі жас ұрпақтың ақылшысы болып отырған ардагерлердің ерлігін құрметтеу – баршамыздың ортақ міндетіміз,  – деді Алтай Сейдірұлы.

Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапич Ұлы Жеңіс фашистік Германиямен болған соғыстағы халқымыздың ерен ерлігінің, батырлығының нәтижесі екенін айтып, жас ұрпақты әлемге танылған тәуелсіз Қазақстандағы бейбітшілікті сақтап, Отанның патриоты болуға шақырды. Салтанатты шара ел қорғау жолында опат болған ерлерді еске алу рәсімімен жалғасып, облыс әкімі Алтай Көлгінов пен қала әкімі Мұрат Мұқаев, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және қала тұрғындары Мәңгілік алауға, Жеңіс алаңындағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Н.Назарбаев даңғылынан Жеңіс алаңына дейін жүріп өткен «Ерлікке тағзым» шеруі де Мәңгілік алау жанынан табылды. Жерлестеріміз Ұлы Отан соғысында шейіт болған, елге оралып Жеңістің 74 жылдығына жете алмаған аталарының суреттерімен шеруге шығып, зұлмат соғыста кеудесін оқ пен отқа тосқан майдангер аталарын ұмытпайтындарын көрсетті.

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
105 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
159 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
400 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
882 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1260 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1155 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1618 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2235 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2399 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2406 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2457 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2462 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2070 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2942 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2995 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2989 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3602 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3571 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3561 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3537 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3697 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»