«ЖАСТАР» ЖЫЛЫНА ОРАЙ «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ
Елбасы Н.Назараевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты Круглоозерный кентінде ашылған саябаққа «Jastar» атауы берілді. Халық алдындағы есептік кездесуінде кент әкімі Кенесары Нұршинов кентті абаттандыру мақсатында жасалған жұмыстарды баяндады.

Демалыс орны ауыл бюджетінің үнемделген қаржысына абаттандырылған. Бұған 8,5 млн. теңге бағытталған. Сондай-ақ бұл саябақ «Балалар алаңы», «Отбасы» аллеясы, «Ғашықтар» аллеясы және «Достық» аллеясы сынды бірнеше аумаққа бөлінуімен ерекшеленеді. Аумаққа 16 жарықтандыру нүктесі орнатылып, қураған ағаштар кесіліп, орнына 200 түп көшет отырғызылған. қабырған тастар төсеу, қоршауларды бояу жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қоса, «Samruk Kazyna Trust» компаниясының қолдауымен 58 млн. теңгеге саябақ ішіне балаларға арналған спорттық, ойын-сауық кешені жасақталған. Желтоқсан айында бейнебақылау камералары орнатылып, стационарлық сахнаның құрылысы жасалды. Енті кенттегі мерекелер мен қоғамдық іс-шаралар осы алаңда ұйымдастырылатын болады. Кенті басшысы К.Нұршинов маусымға орай хоккей алаңына су құйылып, мұз айдыны жасалғанын да мәлім етті.
– Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында жалға алу ақысынсыз осы алаң берілді. Олар келушілерге конькилерді жалға беріп отыр. Қойылған басты талап – хоккей алаңы мен алаңға тиесілі аумақтың санитарлық тазалығын сақтау, – дейді Кенесары Нұршинов.
Санитарлық тазалықты қаматамыз ету мақсатында 20 контейнер қойылып, 7 контейнер алаңы дайындалған. 396 тонна көлемінде қоқыс қалдықтары шығарылған.
2018 жылдың басында кент көшелерінің жарықтандыру нүктелерінің саны 413 болған болса, қосымша 80 жарық нүктесі орнатылған. «Жайық жарығы» мекемесі қызметкерлері істен шыққан жарық нүктелерін дер кезінде атқарып тұрады.
Кент әкімі алдағы уақытта Круглоозерный кентінде орналасқан саябақты абаттандыру жұмыстары жалғастырылатын жеткізді. Сондай-ақ тұрғындардың өтініші бойынша Серебряков ауылында да тынымбақ жасақтау, абаттандыру жұмысы қолға алынатын болады.
Ауыл ішіне қосымша 30 контейнер 5 контейнер алаңы орнатылады. Кент ішіне және жол бойына көшеттер отырғызу жұмыстары жалғастырылмақ. Серебряковтағы аялдаманы абаттандыру және шағын дүкен орнату да биылғы жылдың еншісінде.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу